Атырау, 25 сәуір 21:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Халықаралық мектептік олимпиада қатысушылары енді ҰБТ тапсырудан босатылмайды

2 408 просмотра

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда 2016 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуден тек халықаралық мектептік олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары ғана босатылады, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК директоры Шолпан Қирабаева.

«(2015 – КазТАГ) жыл соңында бірқатар өзгерістер енгізілген ҚР білім туралы заңы жарық көрді. Бұрын, биылға дейін халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының барлық қатысушылары – жеңімпаздары да, қатысушылары да ҰБТ тапсырудан босатылған еді. Биыл талап күшейтілді. Заңға сәйкес, енді тек жеңімпаздар ғана, яғни брінші, екінші және үшінші дәрежелі диплом иегерлері ғана ЖОО түсу, мемлекеттік грант алу алдында ҰБТ тапсырудан босатылады», - деді Ш.Қирабаева сәрсенбідегі онлайн-конференция барысында.

«Тек жеңімпаздар, қатысушыларға ешқандай құқық, жеңілдік берілмейді», - деді ол.

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының айтуынша, әлемде алты ірі халықаралық мектептік олимпиада бар – математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан, географиядан, информатикадан.

«Біз осы алтауы бойынша 12-ші орындамыз. Оның ішінде ең беделдісі – математика, оған әлемнің 105 елі қатысады. Біз 1998 жылы «Дарын» болып ашылғанда, біздің ел 50 орында тұрған еді», - деп атап өтті Ш. Қирабаева.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 ақпан 2016, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.