Атырау, 19 сәуір 11:46
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ИДМ: Қазақстан 2016 жылы жазда CRIRSCO мүшесі атана алады

1 448 просмотра

Image 0"Біз CRIRSCO (Committee for Mineral Reserves International Reporting Standarts) халықаралық комитетіне KAZRC-нің мүшелік етуі жөнінде өтінішті жолдадық. Ол құжаттар қабылданды",-деді Нұрабаев брифингте.

Қазақстанның "Геологиялық барлау жұмыстарының, минералдық ресурстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы жария есептіліктің қазақстандық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (KAZRC қауымдастығы) 2016 жылы маусымда CRIRSCO мүшесі атанады деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.

"Біз CRIRSCO (Committee for Mineral Reserves International Reporting Standarts) халықаралық комитетіне KAZRC-нің мүшелік етуі жөнінде өтінішті жолдадық. Ол құжаттар қабылданды",-деді Нұрабаев брифингте.

"Астанада маусым айында өтетін АММ-2016 форумы аясында арнайы сессия болады деп жоспарлап отырмыз. CRIRSCO комитетінің барлық мүшелеріне шақырту жолдадық, олардың барлығы Астанаға келетіндіктерін хабарлады. KAZRC қауымдастығы биыл маусым айында CRIRSCO комитетінің толыққанды мүшесі атанады деп жоспарлап отырмыз», — деп қосты ол.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

10 ақпан 2016, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.