Атырау, 25 сәуір 19:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Облыстық соттың жаңа төрағасы – Мұхтар Смағұлов

2 837 просмотра

25 қарашада президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» жарлыққа қол қойды.

Атырау облыстық сотының жаңа төрағасы боп Мұхтар СМАҒҰЛОВ тағайындалды.

50 жастағы Мұхтар Керімқұлұлы Смағұлов Алматы облысында дүниеге келген. ҚазМУ-дің заң факультетін тәмамдаған соң Алматы қаласының Калинин аудандық халық сотының сот отырысының хатшысы боп жұмыс істеген. Аудандық соттың сот орындаушысы, кеңесшісі боп, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі мен Алматы қаласының түрлі сот инстанцияларында түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстық соттарының төрағасы қызметінде болған. Ал Атырау облыстық сотының бұрынғы төрағасы Жақсылық АЛАНОВ Астана қаласының қалалық сотының судьясы боп тағайындалды.

Сәния ТОЙКЕН

29 қараша 2011, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.