Атырау, 28 наурыз 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Лада-Ларгусты» тонағыш ұры

2 182 просмотра

Image 0Атырау қаласының криминалдық полициясы «Лада-Ларгус» маркалы көліктерді ұрлауды кәсіп қылған ұрыны ұстады. Бұл туралы ІІД қызметі хабарлады.

Ұсталушы 27 жастағы Балықшы поселкесінің тұрғыны. Ол өзінің қылмыс жасайтын алаңы ретінде Авангардты таңдаған. Екі апта ішінде осы тұрғын үй массивінде төрт «Лада-Ларгус» көлігі тоналған. Барлық жағдайда да көлік есігі кілт салып қарау арқылы ашылған. Жүргізуші көлік ішінде ұмытқан бірнеше мың теңге қолма-қол ақша мен құжаттар салынған барсеткалар ұрының олжасына айналған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 ақпан 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.