Атырау, 29 наурыз 02:06
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ХЭА: Қытай 15 жылдан кейін энергияны тұтынудың шегіне жетеді

1 236 просмотра

Image 0Қытай 2030 жылы энергия тасымалдаушыларды тұтынудың шегіне жететін болады. Қазіргі таңда ҚХР энергия ресурстарын қолданудан әлемнің көш басында келеді. Бұл туралы International Petroleum Week форумы барысында Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) энергетикалық нарықтар мен қауіпсіздік жөніндегі директоры Кейсуке Садамори мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біздің пайымдауымызша, Қытай 2030 жылы энергия тасымалдаушыларды тұтынудың шегіне жететін болады. Мемлекеттің энергия теңгерімінде табиғи газ бен атом энергетикасының үлесі артпақ»,- деді К.Садамори.

Сонымен қатар, қытай сарапшысы 2040 жылға қарай энергия тасымалдаушылардың жалпы жаһандық сұранысы үштен бір есе ұлғая түседі деп болжады.

Бұған дейін «Роснефть» басшысы Игорь Сечин 2020 жылға қарай Қытай мұнай тұтынуды жылына 2 пайызға өсіріп отырады деп болжаған болатын. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ҚХР дүниежүзілік мұнай сұранысы өсімінің үштен екі бөлігін қамтамасыз етіп келді. Қазіргі таңда аталмыш көрсеткіш шамамен 20-25 пайызды құрап отыр.

Дереккөз: bnews.kz


10 ақпан 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.