Атырау, 20 сәуір 12:27
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Айдос Сарым, саясаттанушы: «Биліктегілер халықпен ойнап отыр»". "Бір тонна бензиннен 6 доллар алатын кімдер?". "Қазақстан экономикасы «бақытсыз» елдердің ондығына кірді". "«Жамағатшылар» ісі мен «бірлестіктің сыры»".

3 067 просмотра

NUR.KZ. "Америкалық саяхатшы Қытайдағы Алтай қазақтарының тыныс-тіршілігін көріп, таңырқап қалды (фото)" - Америкалық саяхатшы алты жылдан бері Орта Азия елдерінің саятшылық өнері жобасы аясында бүркітшілер туралы мәлімет жинаумен жүр. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінде болған ол Қытайға қарасты Алтай аймағына барып, ондағы қазақ бүркітшілерімен кездесуді армандапты. Ақыры ол тілегіне жетіп, Қытай қазақтары жайлы естелік, әсерлерімен бөлісті.

KORRESPONDENT.KZ. "Айдос Сарым, саясаттанушы: «Биліктегілер халықпен ойнап отыр»" - – Бұл сайлаудан соң ел өмірінде не өзгеруі мүмкін? Тағы да қазынаның қыруар қаржысы шашылайын деп тұр, осы сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің қажеттілігі болды ма?

"Бір тонна бензиннен 6 доллар алатын кімдер?" - Қазақстанда бензин бағасының 60 % мұнайды өндіру мен тасымалдауға кететін шығындар, 22% оны өңдеуге, тағы 16% түрлі салықтарға кететін шығындардан құралады екен. Қалғаны оны сататын делдалдардың табысы. Бұл осы саладан хабары бар мамандардың келтіретін цифрлары.

SN.KZ. "Қазақстан экономикасы «бақытсыз» елдердің ондығына кірді" - Bloomberg іскерлік агенттігі еліміздің экономикасын әлемдегі ең әлсіз он елдің қатарына қосты. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасап sn.kz хабарлайды.

AZATTYQ.ORG. "«Жамағатшылар» ісі мен «бірлестіктің сыры»" - Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» қызметін ұйымдастырып, оған қатысты деп болжанған үш күдіктінің сотында олардың достарынан жауап алып жатыр. Сотталушылар айыптарды жоққа шығарады.

"Ирандағы қарсылықтың жаңа түрі – қоқыс жинау" - Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.

"Ресейге көшушілердің консулдықтағы кезегі" - Астанада Ресей елшілігі консулдығына сол елдің «Отандастар» бағдарламасына құжат өткізуге күніне ондаған адам келеді. Елшілік мәліметінше, ТМД-да негізінен бұл бағдарламаға Қазақстан азаматтарының ықыласы ерекше.

QAMSHY.KZ. "Дауытоғлұ: Мені қосқанда Түркиядағы 78 миллион 600 мың қазақтан сәлем әкелдім (ВИДЕО)" - Түркия Премьер-министрі Дауытоғлының Қазақстан Президенті Назарбаевпен Ақордадағы толық құрамды кездесуі 2 сағат 40 минутқа созылды. Дауытоғлұ кездесуде Қазақстанға әр жасаған сапарында өзін Қазақстанның азаматы сезінетінін жеткізді. Премьер-министр ретінде Қазақстанға алғаш іссапармен келгеніне қуанышты екенін сөйлеген Дауытоғлұ «Сыртқы істер министрі ретінде Қазақстанға көп келгенін, , биылғы жылы Қазақстанға келген алғашқы саяси лауазымды тұлға екенін мақтан ететінін» айтты. Ол өз сөзінде: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы біз үшін де мақтан етер мереке, Сіздің көшбасшылығыңызда, Қазақстанның қол жеткізген барлық дамушылығын өз дамушылығымыз ретінде санаймыз. Түрік-Қазақ қарым-қатынасына зор үлес қосқан Ақсақал ретінде сізге үлкен алғыс айтамыз», - деді.

"Данияр ӘШІМБАЕВ, саясаттанушы: «Нұр Отан» мәжілістен сексен орын алады" - Әкімдердің сайлауалды науқанға қатысуы — тек амал, яғни, маневр, деген сенімде саясаттанушы Данияр Әшімбаев. Бұл туралы саясаттанушы 365info-ға берген сұхбатында айтқан. Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған партиялық тізімге 127 адам кіріпті, олардың ішінде, Президент Әкімшілігінің басшысы, премьер-министрдің орынбасары, «Астана ЭКСПО – 2017» басқармасының төрағасы және т.б. сияқты жоғары лауазымды шенеуніктер бар. Бірақ бұл олардың барлығы қазіргі қызметтерін тастап кетеді деген сөз емес.

ABAI.KZ. "Қазақстанның еңбек нарығында қытайлықтардың үлесі артуда" - Жақында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстанның еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары мен еліміздегі шетелдік еңбек мигранттарының саны туралы баяндаған. Бұл туралы «Абай-ақпарат» «Bestnews.kz»-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"«ДАИШ» ұйымы. Олар кімдер?" - Бүгінгі таңда бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырған лаңкестік қылмыс пен діни экстремизм дерті адамзат болашағына қауіп төндіруде. Әлемдік аренада ислам атын жамылып, террористік пен зорлық-зомбылық жасайтын, жүйесіз жаңа ұйымдар көптеп бас көтеруде. Соның ішінде, барлық әлем елдерінің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, үрей ұялатқан ДАИШ лаңкестік ұйымы белсенді әрекет етуде.

EGEMEN.KZ. "Қаржым жоқ деп қысылмайсың" - «Үйлену оңай, үй болу қиын», «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп атам қазақ қандай орынды айтқан. Қазіргі уақытта кез келген қарапайым отбасы үшін үйлі болу оңай емес. Өйткені, урбанизация үдерісі белсенді түрде жүріп жатқан кезеңде қаладағы үйлердің бағасы адамдар қалтасына оңай соқпайды. Сондықтан қалаға келген отбасылар әдетте, үй жалдауға мәжбүр болады. Сөйтіп, тапқан табысының кем дегенде жартысын баспана үшін жұмсап, осының салдарынан тұрмыстың тауқыметіне түседі.

ZHASALASH.KZ. "Босқындардың қамын күйттеу және түсiнгiш қытайларға сену" - “Мұнай өндiру дағдарыста да 18 млн тоннадан түспейдi. Ешкiм жұмыстан қысқартылмайды. Балалар үйi тәрбиеленушiле­рiнiң барлығы тек iрi мұнай компанияларына жұмысқа тұрады. Жаңаөзен қаласының экономикалық дамуы iлгерiлеп, үш ауысымдағы мектеп проблемасы шешiледi. Ел айтып жүргендей Маңғыстауға қытайдан келер қауiп жоқ. Керiсiнше, тек солар ғана менi түсiнедi. Жаңа жобалар салынбайды, босқындарға арналған лагерьлер салынады". Бұл әлдебiр көрiпкелдiң болжамы емес, Маңғыстау облысының әкiмi Алик Айдарбаевтың ақпанның 2- сi күнi Астанада кезектi жылдық есебiнде айтқаны.

TURKYSTAN.KZ. "H1N1 вирусы әлем елдерінің көбін үрейлендіріп отыр" - Қазақстанға құрлық асып келіп, қайсыбір жылдары жұртты қатты дүрліктірген А типті Н1N1 вирусы елімізде қайта дендеп барады. Халық жалпақ тілде «шошқа тұмауы» деп атап кеткен індеттен жуырда бір адам көз жұмды. Бұл туралы өткен аптада Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз маслихатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. Алматылық дәрігерлер вирустың қауіптілігін ескертіп, жергілікті тұрғындарды сақтандырып әлек болса, оңтүстіктегі ақ халаттылар оны «кәдімгі маусымдық сырқат» деп міз бақпай отыр. Кімге сенген жөн?

ULT.KZ. "Адамзат қайда барады?" - Ральф Эпперсон «Невидимая рука, или Введение во взгляд на историю как на Заговор» кітабында адамзат қоғамындағы болып жататын елеулі оқиғалардың баршасы алдын ала жоспарланып жасалатынына көптеген айғақ, мысалдар келтіреді. «Батыстық демократия» атын жамылған өсімқорлар кланының (Заговорщики) мақсаты қоғамда соғыстар, инфляциялар, революциялар ұйымдастыра отырып адамзат қоғамында шексіз диктатурамен қатаң басқарылатын «Жаңа әлемдік тәртіп орнату», деп, осы іспен дәл бүгін айналысушы адамдардың бірқатарының атын атап, түсін түстейді.

"Міржақып ДУЛАТҰЛЫ: «Чиновниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, ойына келгенін істеді»" - Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады…

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "МС Сайлаубектің сандырағы немесе түстегі мәжіліс" - Ұйқы дегенді қойсаңшы бұл, оның «алып та, шалып та» жығатынына көзім анық жетті. Екі күн бойы әлеуметтік желілердегі алдағы сайлау туралы пікірлер мен «шүкірлерді» «сілекейім ағып» оқып, дуалы ауыздар мен «жуалы» ауыздардың (өзімше тапқан ұйқасым!) ойларына балмұздақ жегендей «тамсанып», «…ұйықтамай таң атырсам деген едім, қайтейін қалғып кетіп шырық бұздым. Мұқағали». Екі күн ұйықтамай көрсеңіз (өмірлік тәжірибеңіз де болса), менің халімді түсініп отырғаныңызға шүбәм жоқ. Негізі, аузымнан суым ағып, еш қиналмай, кірпіктерім айқасып, “ана жаққа" қатты кетіп қалсам керек, тасыр-тұсырдан шошып көзімді ашып алдым. Ұйықтап жатсам да сезіп тұрмын, мынау «күндей күркіреп тұрған» күнделікті өмірдегі қошамет, құрмет те көрсетілетін алақан «рахметі». «Ой, бұл жақта да жақсы түс көре алмайтын болдым ғой» дегенімше, «премьер-министр, премьер-министр» деген «құрақтай жапырылған» сөздерді құлағым шалып қал.

AIKYN.KZ. "Жұмысқа орналастырудың жеке картасы әзірленеді" - Жұмыссыздар үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Еуропаның дамыған елдерінде қолданылатын жұмысқа орналастырудың жеке картасы әзірленетін болады.

"Сайлау науқанына 15 күн: не істелді?" - Елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны басталғалы бері тура 15 күн өтті.

ZHEBE.KZ. "Қазіргі Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы қандай?" - Иә, бүгінгі Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастық қандай? Түріктер елімізге ат басын бұрыпты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси диалогты нығайту мен мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы байланысты дамыту жайы талқыланды.

"Мұхтар Алтынбаевтың алаңдауына не себеп?" - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Мұхтар Алтынбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағына алаңдаушылық білдірді. Еске салайық, отырыста Қазақстан мен Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағында апаттар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама қабылданған болатын.

8 ақпан 2016, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.