Атырау, 29 наурыз 16:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Ұрылар полицияға қоңырау түспес бұрын ұсталды (БЕЙНЕЖАЗБА)

2 490 просмотра

6 ақпанда сағат таңғы 5.30-да жергілікті "Батыс-41" полицей қызметінің экипажы Орал және Астрахань тас жолының қиылысында туберкулезге қарсы күрес ауруханасы жақтан қала орталығына қарай кетіп бара жатқан "Фольксваген-Гольф" көлігін тоқтатты. Салонда полицейлер түрлі азық-түлік - жұмыртқа, тоспа, құс аяғы және т.б. салынған жәшіктер бар екенін анықтады.



Бірер минуттан кейін "102" пультіне Сарыөзек ауданы маңындағы азық-түлік сататын дүкеннің қожайынынан қаскөйлердің пластик терезесін сындырып, ішке кіріп, азық-түліктерді қолды еткені туралы қоңырау түсті. Ұрланған азық-түліктер ұсталған көлік ішіндегі заттарға сай келді. Атырау қаласының 38 және 43 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Зардап шегуші ұрланған азық-түліктерді таныды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталушылардың осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Бейнежазбаны Атырау қ. ІІБ ұсынды

6 ақпан 2016, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.