Атырау, 24 сәуір 09:04
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Германияда теракт жасау жоспары әшкереленді

1 409 просмотра

Image 0Берлиндегі теракт жасауды жоспарлады деген күдіктілерді ұстау сәті. Германия, 4 ақпан 2016 жыл. Берлин басшылығы Алжирден шыққан, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдіктілердің қалада теракт жасау жоспарын әшкерелегенін мәлімдеді. Сот ордері бойынша алжирлік екі адам - біреуі Берлинде, екіншісі Аттендорн қаласында ұсталған. Ганновердегі босқындар орталығында тұрып жатқан басқа екі күдікті тергелгенімен, әзірге ұсталмаған.

Германияның dpa агенттігінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, күдіктілер телефондағы әңгімелері арқылы анықталған. Ұсталғандар телефонмен сөйлескенінде Чекпойнт Чарли мен Александрплатц алаңында теракт жасауды жоспарлаған.

2015 жылдың қараша айында Парижде терактілер болып, 130 адам қаза тапқан соң Германияда қауіпсіздік шарасы күшейтілген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 ақпан 2016, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.