Атырау, 28 наурыз 22:38
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қатерлі ісік ауруына тегін тексеріле алады

3 075 просмотра

Image 0Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні шеңберінде 1-10 ақпан аралығында еліміздің бүкіл өңірінде онкологиялық сырқаттардың алдын алу бойынша онкүндік шарасы өтеді.

Бұл туралы брифингте облыстық онкологиялық диспансердің өкілдері хабарлады. Атырау облысында бірінші орында өкпе және сүт безінің қатерлі ісігі, содан кейін асқазан, жатыр мойыны, өңештің қатерлі ісігі сырқаты тұр. Адам өлімінің көбеюін мамандар зиянды әдеттердің кең таралуымен, экологияның нашарлауымен түсіндіреді.

Естеріңізге салсақ, 2008 жылдан бастап Қазақстанда басымды бағаттарының бірі – онкологиялық сырқаттарды ерте кезеңде анықтау болып табылатын ұлттық скринингтік бағдарламасы жұмыс жасап келеді.

1-10 ақпанда еліміздегі бүкіл емханалар мен онкодиспансерлерде ашық есік күні өткізіледі –тұрғындар тегін тексеруден өтіп, тар шеңбердегі мамандардан кеңес ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 ақпан 2016, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.