Атырау, 28 наурыз 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Еуропа әуе компаниялары Иранға рейстерін қайта ашпақ

1 530 просмотра

Image 0

Ұлыбританияның ірі әуе тасымалы компаниясы British Airways Тегеранмен әуе байланысын қалпына келтіру ниеті барын мәлімдеді.

Иран ядролық келісім бойынша өзіне алған міндетін орындап, халықаралық санкциялары алынған соң еуропалық әуе компаниялары Иранмен әуе қатынасын қайта ашатындарын білдіре бастаған. Бұған дейін франциялық Air France компаниясы мен Нидерландының KLM компаниясы Иранмен әуе қатынасын қалпына келтіретіндерін мәлімдеген.

Өткен аптада Иран президенті Хассан Роухани Еуропаға сапарлап, француздың Airbus компаниясынан 27 миллиард долларға 118 ұшақ сатып алу туралы келісім жасасқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 ақпан 2016, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.