Атырау, 24 сәуір 12:10
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Сапарбаев аудан әкімінің жарығын кесіп тастады: ауылды 10 жыл жарықсыз қалдырғаны үшін!". "Тоқтар Төлешовтің қорғаушысы: «Көп сұрақтарға жауап бере алмаймыз»". "Хуан Корреас: ЭКСПО-2017 өтпей қалудың алдында тұр". "Заманбек Нұрқаділов жұмбағы".

2 681 просмотра

NUR.KZ. "Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек" - «Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдірген белгілі боксшы Геннадий Головкиннің әрекеті ешқандай да заңға қайшы емес.

"Ұлттық банк төрағасы валюта бағамына қатысты қауесетке сенбеуге шақырады" - Доллар бағамы 520 теңгеге бір-ақ көтеріледі деген ватсап желісі арқылы тараған қауесет жалған. Қарапайым халық білгір-сымақтардың болжамдарына нанбауы тиіс деп хабарлайды .

KORRESPONDENT.KZ. "Тоқтар Төлешовтің қорғаушысы: «Көп сұрақтарға жауап бере алмаймыз»" - Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің үстінен ҚР ҚК 266 және 297 баптары бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр және ол 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы бизнесменнің қорғаушысы Евгений Яворский Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ, адвокат процессуалдық құжаттарды әлі алмағанын атап өтті.

"Еліміздің бас банкирі Шымкентте жүр" - ҚР Ұлттық банк Төрағасы Данияр Ақышев Шымкентте жүр. Қасына орынбасары Ж.Ахметовты ерткен еліміздің бас банкирі Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында брифинг өткізді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

AZATTYQ.ORG. "Тәжік билігі түркі атауларын ауыстырып жатыр" - Қала мен ауылдан бастап, тарихи орындардың, жаңа туған сәбилердің аттарына дейін «парсыландырып» жатқан Тәжікстан үкіметі енді түркі тіліндегі елдімекендердің аттарын ауыстыруға көшті.

"Оңтүстікте «ұлтаралық мәселені шешетін» мекеме ашылған" - Сарыағашта Артықов есімді азамат кісі қолынан қаза тапқан кезде шыққан жанжалдан бері бір жыл өтті. Қылмысқа айыпты деген адам сотталса да, марқұмның туыстары «шындыққа жете алмағандарын» айтады.

QAMSHY.KZ. "Төлешовты төбесіне көтергендердің көздегені не?" - 30 қаңтар күні әйгілі Шымкент сыра зауытының, басқа да қаншама бизнес нысандарының қожайыны, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов бірнеше серігімен бірге тұтқындалды. Кәсіпкерді ұстау бойынша арнайы операция өткізу үшін жедел топ Астанадан, Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратынан арнайы барды. Астаналық «оперлардың» облысқа келуін ең алдымен мұндағы жемқорлық пен құқыққорғау органдарының қылмыс әлемімен біте қайнасып жатуымен түсіндіруге болар. Сол күні таң азанмен кәсіпкерге тиесілі сыра зауыты мен атақты «Риксос Хадиша» қонақ үйі, бизнесменнің жеке тұрғын үйі қоршауға алынды. Тұтқындау операциясына арнайы жасақ пен Шымкенттегі ішкі әскер әскери бөлімінің жауынгерлері де жұмылдырылды. Төлешовпен бірге тұтқындалғандардың ішінде алаяқтық әрекеттері үшін іздеуде жүрген Сергей Калтаков деген де біреу болған.

"Сайлау жайлы сауалнамалар нәтижесі сан түрлі" - Естеріңізде болса, бұған дейін Еуразиялық интеграция институты ел арасында сауалнама өткізіп, кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысты халықтың пікірін сұраған еді. Институт өткізген сауалнама нәтижесі оған қатысқандардың 93,6 пайызы мерзімінен бұрын өткелі жатқан сайлауды қолдайтынын көрсеткен еді.

ABAI.KZ. "Хуан Корреас: ЭКСПО-2017 өтпей қалудың алдында тұр" - EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің Қазақстан үкіметіндегі Бас кеңесшісі Хуан Корреас мырза Елбасымызға арнайы хат жолдады. Үшбу хатында Бас кеңесші Астанада 2017 жылы өтетін көрменің тағдыры қыл үстінде тұрғанын айтады.

"Зейнетақы қорынан 100 миллиард теңге банктерге берілуі мүмкін" - Қаржысы таусылған Мәсімов Үкіметі енді зейнеткерлердің қалтасына қол сұға бастайды. ҚР премьер-министрі Кәрім Қажымұқанұлы тізгінін ұстап отырған жоғарғы Үкімет қазақстандықтардың зейнетақы қорларына қол сұғуы мүмкін. Атап айтқанда, зейнетақы қорынан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілмекші. Бұл туралы Астана арнасына сұхбат берген Қазақстанның кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеген.

"Мүлікті жариялаудың рақымшылығы неде?" - Бүгінгі күні бүкіл еліміз бойынша мүлікті жария ету науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Өзінің және ұрпағының болашағын ойлаған көптеген азаматтар бұл іске терең түсіністікпен қарап, белсене ат салысуда. Себебі, гуманистік нормалар кеңінен енгізілген бұндай нормативтік-құқықтық актіні ХХІ ғасырдың жасампаз Заңдарының бірі деп бағалауға болады.

EGEMEN.KZ. "Парламенттің сыртқы саясатты айқындаудағы рөлі зор" - Сыртқы саясат елдің әлем алдындағы ұстанымын анықтайтын өте күрделі де жауапты сала. Қазақстан дипломатиясының әрекет траекториясы бүгінгі күні дүниежүзінде салмақты орынға ие болып отыр. Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам АДЫРБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік.

SERKE.ORG. "Болат Әбілев қайда жүр?" - Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) биылғы парламент Мәжілісінің сайлауына қатысатындардың қатарында «Азат» партиясын да атады. Іле-шала партия төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова партияның бұл сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Ал өзін баспасөзге «Азат» партиясының үйлестірушісімін деп таныстырған Рафхат Каманов деген белгісіз біреу сайлаудың ашықтығы мен әділдігіне күмән келтіріп, партияның атынан сөз айтып тастады. Мұның бәрі саяси алаңда «Азат» партиясының әлі де әрекет етіп жатқаны жөнінде қате пікір түзіп, жұртты бекерге алаңдатып отыр. Сондықтан «Азат» партиясының қазіргі жай-күйін, бары мен жоғын түгендеп, келешегіне көз жүгірту маңызды болып тұр.

ZHASALASH.KZ. "Ұлттық идеямыздың бiр тетiгi тұлпар болуы тиiс" - Орталық Азия, оның iшiнде қазақ даласы – жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектерi табылған энео­лит дәуiрiндегi Ботай қонысы. Ботайлықтар – әлемдегi алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер. Демек, XXI ғасырда егемендi ел атанғанда мемлекетiмiздiң басты шарушылығы – жылқы өсiру, халқымыздың сүйiп iшетiн сусыны – қымыз, ұлттық идеямыздың негiзi – тұлпар болуға тиiс.

QAZAQUNI.KZ. "Сыртқы істер министрлігіне жаңа міндеттер жүктелді" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Алқа мәжілісінің негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі мекемелерінің қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды.

TURKYSTAN.KZ. "Мәсімов бастаған делегация мүшелері 14 мың франктен шығындап қайтқан экономикалық форум не шешті?" - Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы сессиясы 46-шы рет Швейцарияның Давос қаласында өтті. Әлемнің 140 елінен жиналған 2,5 мыңға жуық делегат 20-23 қаңтар аралығында жер жүзіне мәшһүр тау-шаңғы шипажайында бас қосты. Давостың төріне жайғасқан әлемдік көшбасшылар, кәсіпкерлер, инвесторлар мен сарапшылар бүгінгі нарықтағы ғаламдық мәселелердің ақ-қарасын айыруға тырысты.

ULT.KZ. "Заманбек Нұрқаділов жұмбағы" - Осыдан 10 жыл бұрын, 2005 жылдың 12 қарашасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов үйінен өлі күйінде табылды. Бұл Қазақстан кезекті «мерзімінен бұрын» Президенттік сайлауға дайындалып жатқан шақ болатын. Кеуде тұсынан екі, басынан бір оқ тиген Нұрқаділовтің өлімі қоғамда түрлі әңгіме туғызды. Тергеушілер оның өлімін «өз өзіне қол жұмсау» дегенімен, қоғамдық орта оның өлімі туралы шындық ашылған жоқ деп болжайды. Заманбек Нұрқаділов тірі болса 17 қаңтарда 72 жасқа толар еді.

"Алаш елін 20-25 жылда екінші Жапонияға айналдыруға ұмтылып еді" - Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi жоспарлады. Алаш көсемi жапондардың тәжiрибесiн қазақ елiне сол қалпында орната салмай, халқының өзiндiк мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң негiзiн сақтай отырып жетiлдiрудi көздедi.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Сапарбаев аудан әкімінің жарығын кесіп тастады: ауылды 10 жыл жарықсыз қалдырғаны үшін!" - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 800-ге жуық тұрғыны бар Қайыңды ауылын 10 жылдан бері жарықсыз қалдырғаны үшін Мұғалжар ауданы əкімі мен орынбасарының үйінен жарықты кесіп тастауды тапсырды. Жарықты тек проблеманы шешкенде ғана жақпақшы. Аудан əкімі Серік Шаңғұтовтың қарамағындағы Қайыңды ауылының тұрғындары өркениет ғасырында қараңғылықта өмір сүріп жатыр.

AIKYN.KZ. "Елге 43 млрд теңге инвестиция құйылды" - Қазақстандағы мүлік рақымшылығы барысында бүгінде жалпы құны жарты триллион теңгеден асатын актив заңдастырылып болды.

3 ақпан 2016, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.