Атырау, 29 наурыз 13:33
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қылмыстар хроникасы

2 749 просмотра

Image 0

Балықшы тұрғыны полицияға 27 қаңтарда үйінің ауласындағы көлікжайдан дәнекерлеу аппараты, болгарка, кондиционер және ұялы телефон ұрланғанын хабарлады. Ұрлық жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

***

Жеке тасымалмен айналысатын Лесхоз тұрғыны 27 қаңтарда уақтатып алу үшін жолаушының 4 мың теңге алып, ғайып болғанын полицияға хабарлады. 22 жастағы Геолог поселкесінің тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Су полициясының қызметкерлері «Жеті Қазына» ықшамауданынан жүксалғышына 173 келі жаңа ауланған сазан салынған «Лада» көлігін ұстады. Жүргізуші – 36 жастағы Қостанай облысының тұрғыны жүктің жөнелтпе құжаттарын көрсете алмады. Тексеру жүргізілуде.

***

Полицияға Атырау қаласының 44 жастағы тұрғынынан шағым түсті: 27 қаңтарда 23 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны оған Махамбет поселкесінен жер телімін алып беруге көмектесемін деп 200 мың теңгесін алып, ғайып болған.

***

Ақпанның 1-де күндіз Азаттық даңғылында белгісіз біреу 30 жастағы қала тұрғынының қолынан құжаттар мен ұялы телефон салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. «Батыс-1» полицей экипажының полицейі тонаушыны – 38 жастағы Балықшы тұрғынын із суытпай ұстады.

***

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында 1 ақпанда отбасылық ұрыс-керіс барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын 30 жастағы інісіне пышақ жарақатын салған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Полицияға Ақжар поселкесінің 30 жастағы тұрғыны шағымданды: 2013 жылдың қазанында ол жеңілдікпен несие алуға көмектесемін деп уәде берген Астананың 30 жастағы тұрғынына 75 мың теңге берген. Оны содан бері көрмеген. Сөйтсе, астаналықтың осындай іс-әрекеті үшін абақтыға түсіп үлгергендігі анықталды.

***

Жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері 31 қаңтарда Құрманғазы көшесінен «Инфинити» көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі мас күйде болған. 2015 жылдың тамызында оны мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырғандығы белгілі болды.

4 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.