Атырау, 20 сәуір 06:10
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

4 911 просмотра

Бокс

Image 3Атыраулық боксшы, ҚР спартакиадасының 2015 жылғы жеңімпазы Рахман АЛЬДИЖАНОВ (суретте) Astana Arlans кәсіби клубының құрамына енді және Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының 6-шы маусымында шаршы алаңға шығады.

Биылғы маусымда клуб құрамында он жас боксшы сынға түсетін болады. Бірінші рет алаңға шығатын құрам туралы Astana Arlans клубының бас директоры, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Серік СӘПИЕВ былай деп түсінік берді:

- Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Astana Arlans боксшылары Олимпиадаға дайындалады және олар WSB чемпионатына қатыса алмайды. Сондықтан да біз командаға екінші және үшінші орын иеленгендерді де қостық. Олар өздерін өткен маусымда көрсете білді және мен оларға біздің клубтың WSB бойынша алған орындарын лайықты қорғай алады деп сенемін. Біздің мақсатымыз - 2016 жылғы Олимпиадада үлкен жетістіктерге жету, алайда біз WSB чемпионатында бірінші орынды жеңіп алу жоспарымызды өзгертпейміз.

Қазір Рахман Астанадағы клуб базасында жаттығуда. Ол кәсіби алаңда 6 ақпан күні бағын сынайды. Astana Arlans Пуэрто-Рикода Puerto Rico Hurricanes командасымен кездеседі.

Сурет «ЖС» мұрағатынан

***

Футбол

Image 0Атырау» ФК Валерий Коробкинмен келісімшартқа отырды.

«Атырау» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Коробкиннің жасы 31-де, ол Ресей футболының тәрбиеленушісі, әмбебап, түрлі позицияда ойнауға қабілетті. 2015 жылдың маусымын жаңа ойыншымыз «Ақтөбе» командасында өткізді (27 матч, 1 гол), ал, бұған дейін «Астана», «Салют» (Белгород), «Енисей» (Красноярск), «Ротор» (Волгоград) командаларында ойнаған.

2012 жылы Коробкин Қазақстан азаматтығын алды. Содан кейін ол ҚР ұлттық құрамасына шақырту алды. Құрамада 13 матч өткізді.

***

Image 1
«Атырау» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы қорғаушы Алдан БАЛТАЕВ командамен келісімшартқа қол қойды.

Балтаев – қызылордалық футбол командасының тәрбиеленушісі, қорғаушы. Өзінің барлық кәсіби мансабын «Қайсар» клубының құрамында өткізген. Тек 2013 жылы бір маусым «Ақтөбе» үшін ойнап, Ақтөбе құрамасымен бірге ел чемпионы атанды. 2015 жылғы маусымда 28 матчқа қатысып, бір гол соқты.

***

Баскетбол

Ұлттық лига командаларының арасында ҚР баскетбол бойынша жүйелі чемпионат аясында «Атырау барыстары» Ақтауда жергілікті «Каспий» командасымен екі матч өткізіп қайтты.

Бірінші матчта «Барыстар» қарсыластарын 100:72 есебімен жеңіп кетті. 26 ұпайды команда қоржынына американдық легионер Райан Кук, ал, 15 ұпайды команда ардагері Михаил Евстигнеев (бойы 203 см) салды.

Келесі күні ақтаулықтар барынша сенімді ойнап, 68:65 есебімен кеткен еселерін қайтарды. «Барыстарда» командаға ең көп ұпай қосқан американдық Майкл Бурвел мен Дмитрий Климов болды. «Барыс» құрамына команданың бұрынғы капитаны Рүстем Төлеудің қаңтар айының ортасында қайтадан шақырылғандығы белгілі болды. Ол бірнеше жыл қатарынан жаттықтырушы қызметін атқарып келді, енді ол бұрынғы спорттық күйіне келіп, командаға табыс әкеледі деген үміт бар.

***

Хоккей

Image 2
28-29 қаңтарда «Бейбарыс» хоккей командасы петропавлдық «Құлагермен» өз алаңында екі матч өткізді.

Бірінші матчта «мәмлүктер» нық сеніммен ойнап, қарсыластарының қақпасына алты шайбы соғып, өз қақпаларына екеуін өткізіп алды. Ал, екінші ойында қонақтар өз мінездерін көрсете бастады. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды, ал, овертайм «Құлагер» үшін барынша сәтті болды.

Бұл турдан соң бірінші орынды 120 ұпаймен «Арлан» (Көкшетау) иеленді, одан соң «Бейбарыс» (91) келеді, үштікті астаналық «Номад» 79 ұпаймен тұйықтады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.