Атырау, 19 сәуір 06:01
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Жеке мекемелер және мемлекеттік тапсырыс

3 015 просмотра

Image 0Бүгінде Атырау облысында 36 жеке медициналық мекеме жұмыс істейді, олардың үштен бірі мемлекеттік тапсырысқа қатысады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ хабарлады.

2011 жылы мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 27 медицина мекемесі шаруашылық жүргізу құқығына ауысты. 2013 жылы оларға облыстық аурухана, облыстық перинаталды орталық және облыстық кардиоорталық қосылды.

2015 жылдың аяғында аукцион арқылы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жеке қолға сатылып кетті. Ал, қазір күніне 250 адам келетін Өркен ықшамауданындағы емхана құрылысына қатысты «Атырау Инновейшн» ЖШС-мен бірге концессиялық қосымшаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жеке медициналық мекемелердің, ал, ақыр аяғында медициналық қызмет көрсететін басқа мекемелердің жұмысын жандандырады, - дейді сеніммен Жұмыров.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.