Атырау, 25 сәуір 13:56
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бас сәулетшінің қабылдау бөлмесіне басып кірді

2 015 просмотра


3 ақпанда түске дейін отыз шақты атыраулық тұрғын қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВТІҢ қабылдау бөлмесіне басып кірді.

Біз келген кезде ол жерде адам лық толы болды.

Бүгін қаланың бас сәулетшісі Мақашевтің қабылдау күні. Айта кетелік, ол сәрсенбі сайын бар болғаны айына екі мәрте қабылдайды. Тұрғындардың проблемалары мен сұрақтары көп. Оның қабылдауына кіру қандай қиын екенін түсінесіз бе? Кейбіреуі бірнеше рет келуге мәжбүр болады. Бүгін кезекке тұрғандардың шыдамы таусылды, - деп әңгімелейді «АЖ»-ға хабарласқан әйел адам. – Біз осы жерде таңғы сағат 8.30-нан бері тұрмыз. Ол таңертең жиырма минуттай ғана қабылдады, содан соң шұғыл әкімдікке бару керектігін айтып, кетіп қалды.

Наразы болған келушілер жалпы орынжайдан мекеменің қызметтік бөлігіне лап қойып өтіп, басшыны топ болып оның қабылдау бөлмесінен күте бастады.

Ешқандай жазылу болмайды, келіп кезекке тұрады. Адамдар қабылдау күнінде келеді ғой, айналып келгенде қабылдау да болмай қалды, - деп, жан-жақтан шағымдарын жаудырды.

Біз келген кезде бас сәулетші өзінің жұмыс орнына келіп, қабылдау жүргізіп жатыр екен.

Иә, бүгін менің қабылдау күнім, бірақ маған жиналысқа кетуге тура келді. Қазір қабылдауды жалғастырудамын. Келгендердің барлығын бірін қалдырмай қабылдаймын. Айына екі рет азаматтарды менің орынбасарым мен екі сектор меңгерушісі де қабылдайды. Оларға да баруға болады, - деді өзінің қабылдау бөлмесіндегі ығы-жығы болған адамдардың у-шуына түсінік берген Мақашев.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

3 ақпан 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.