Атырау, 19 наурыз 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Аудан жаңалықтары

3 690 просмотра

Азғырға жол бар

Құрманғазы ауданында көшеішілік және ауылдарға баратын жолдарды күтіп-ұстау жұмысы биыл да жалғасын тапты.

Аудандағы «Құрманғазы жолдары» ЖШС облыстық маңыздағы Ганюшкино-Приморье-Утеры тас жолының 29 км, Ганюшкинодағы көшеішілік 20 км және Азғыр өңіріндегі ауылдарға баратын 286 км жолдардың күтіміне жауапты. Шұңқырларды бітеу, қардан тазарту, жалпы күтіп ұстауға бюджеттен жылына 50 млн теңге қаражат қаралады.

- Тайғақ күндері жолдарға қиыршық тас, топырақ, тұз араластырып себеміз. Шалғайдағы Азғыр өңіріне баратын жолды қардан тазартқалы көлік қатынасы тоқтаған жоқ. Жұмыс күші де, техника да жеткілікті, - дейді «Құрманғазы жолдары» ЖШС директоры Аслан БӘЙМЕНОВ.

***

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

Мұқыр ауылында 25 орындық дәрігерлік амбулатория пайдаланылуға берілді.

86 млн 577 мың теңгеге бағаланған амбулатория құрылысын «ҚарасайСтройСервис» ЖШС (директоры Есенбек ҚАРАСАЕВ) жүргізді. Ал, Ойыл округінде 86 млн теңгеге заманауи үлгідегі жаңа амбулатория құрылысы аяқталды. Жұмысты «ҚұлсарыНедр» ЖШС (директоры Нұрсұлу ТӘЖІБАЕВА) жүргізді.

Өткен жылы Тайсойған, Көздіғара, Жангелдин округтерінде жаңа амбулатория пайдаланылуға берілген болатын.

***

Аудан бойынша 10 кәсіпкер он отбасыны жыл бойы бірінші кезектегі азық-түлікпен тегін қамтамасыз етуді мойындарына алды.

***

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

Өткен жылы ауданда 150-ге жуық бұралқы иттің көзі жойылған.

Ал, мешін жылының алғашқы айында екі рет ит ату ұйымдастырылып, 38 бұралқы өлтірілген.

***

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Ауданда өткен жыл ішінде 9 259 шаршы метрлік 69 тұрғын үй салынды.

Жоспарлы іс толық орындалған. Жер алып, үй салу жалғасуда.

Сондай-ақ, 17 елді мекеннің жеңілдетілген бас жоспары жасалып, аудандық Мәслихат сесиясында бекітілді.

***

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

Қосшағыл ауылында 1998 жылы салынған 70 орындық мешіт кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткізілді.

Енді мұнда 200-ге жуық адам сыяды.

***

ИНДЕР АУДАНЫ

Индербор кентіндегі жеткілікті инфрақұрылымы жоқ «Шығыс» және «Болашақ» мөлтек аудандарынан жер алып, үй салғандар саны артты.

Осы мөлтек аудандарды электр энергиясы және сумен қамту мақсатында 758 млн теңгенің жобалау-сметалық құжаты жасақталды. Биыл осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бірінші кезеңге 300 млн теңге бөлінді. Жұмыс сәуірден бастап жүргізілмекші.

***

Индербор кентінде 124 дана жол белгісі орнатылып, 38,4 шаршы метр жол сызбалары салынды. Ал, Д. Қонаев көшесіне 4 бейнекамера орнатылған. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.