Атырау, 19 сәуір 08:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Батыс өңірінің әскери прокуроры: «Енді дедовщина жоқ»

2 454 просмотра

29 қаңтарда Атырау гарнизонының әскери қызметшілерінің алдында Батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат АЕКЕНОВ өткен жылдың есебін берді.

Оның айтуынша, гарнизондағы қылмыстық құқықбұзушылықтар көлемі төрттен бір есеге дейін көбейген. Бірақ сол сәт жұбатты: бұл 41321 әскери бөлімінің азық-түлік және киім-кешек қызметінің бастығы болып тұрған кезде қатарынан ҚР ҚК-нің төрт бабы айыпталған бір офицердің іс-әрекетіне байланысты болып отыр. Атап айтқанда, ол 2,3 млн теңге сомадағы дизель отынының талондарын жымқырған.

Бұдан басқа, 2016 әскери бөлімінің қаржы қызметінің бастығы Серікбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол 2014 жылы әскери бөлімнің картшотынан бір миллион теңгені ұрлап, жалған есеп берген, бірақ 2015 жылдың мамырында әшкере болды. Екі жағдайда да тигізілген зиян өндіріліп алынды, ал кінәлілер жазаланды.

Аекеновтің пікірінше, «казармалық бұзақылық» тәжірибесі немесе «дедовщинаның» жойылғаны аса маңызды жетістік болып отыр.

- 2015 жылы тосын тексерулер тәжірибесін, соның ішінде ықтимал дене жарақаты тұрғысында мерзімді әскери қызметкерлерді тексеруді жалғастырдық. Әрбір жарақат алынған жағдай мұқият тексерілді.

Басқа бір маңызды мәселе - өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу. Аекеновтің айтуынша, әскери қызметкерлер арасында орын алатын суицид себептерінің бірі - банктер алдындағы «қарыз кіріптарлығы» болып табылады. Олардың ақшаларының жартысынан көбі, кейде бүкіл ақшалай үлестері несие төлеуге кетеді.

- Әскери прокурорлар, бөлім командирлері банк саласының өкілдері арқылы әрбір әскери қызметкерлерге несие алудың шарттарын, оларды қайтару жолдары мен ықтимал тәуекелдер туралы хабардар етті. Бүгінде гарнизонда 571 әскери қызметкердің несиелік міндеттемелері бар. Олардың 56-сы ай сайын ақшалай үлестерінің жартысынан асатын мөлшерде несие төлейді. Өкінішке орай, өткен жылдың аяғында 1433 ә/б келісімшарт қызметінің әскери қызметкерінің суицид фактісі орын алды. Ол бар болғаны төрт күн қызмет етті, Ақтөбе облысының Шалқар қаласынан келді. Бұл оқиғаның әскери қызметке қатысы болған жоқ, оған азаматтық полицейлер тергеу жүргізді.

Өткен жылы әскери полиция 5546 ә/б-нің (Ұлттық гвардия) екі әскери қызметкерінің марихуана қолдану фактісін анықтады. Олар дереу әскери қызметтен қуылды.

ІІД қызметтік иттерді тарту арқылы казармаларға тосын тексерулер жүргізу де алдын алу шарасы болды.

- Әскерде жүйелік есеп реттелді, қоймалар мен арсеналдарды диверсияға қарсы қорғау шаралары күшейтілді, - деп хабарлады Аекенов. – Қауіпсіздік талаптары сақталмайтын арсеналдар жұмысы дер кезінде тоқтатылды. Атап айтқанда, әскери прокуратураның нұсқауы бойынша Атырау гарнизонында ҚР шекаралық қызметі 2201 «г» әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қоймасының қызметі тоқтатылды.

2015 жылы әскери прокуратураның бастамасы бойынша жергілікті билік жастарды әскер қатарына шақыру және шақыртуға дейінгі дайындық мәселелеріне көп көңіл бөлді. Әскери прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жылыой ауданының әкімдігі ауданның 19 мектебіндегі АӘД (НВП) кабинеттерінің жұмыстарын ұйымдастыруға 24 млн теңге бөлді. Исатай, Жылыой және Индер аудандарының қорғаныс істері бөлімдеріне арналған ғимараттар бөлініп, оларды жөндеуге көмек көрсетілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2016, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.