Атырау, 29 наурыз 10:11
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Учаскелік дәрігерлер үшін сыйақы қоры құрылды

3 941 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан учаскелік қызмет үшін сыйақы қорын құрды. Жақсы көрсеткіштер көрсеткен жағдайда учаскелік дәрігерлер тоқсан сайын сыйақы алып тұрмақ.

«Жұмыс баллдық жүйе бойынша бағаланатын болады, әр қызметкерге де, бүкіл ұжымға да жекелей баға берілмек, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ. – Онкологиялық және туберкулез ауруларын ерте анықтау, ана мен бала өліміне жол бермеу, диспансерлік емдеуге уақытында жолдама беру, сауығу пайызы, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б. ескерілетін болады».

Ақ халаттылардың жұмыс сапасы туралы барлық мәліметтер ай сайын Республикалық ақпараттық-сараптау орталығының Атырау филиалына жолданатын болады. Ол жерге өз мәліметтерін Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті де жолдамақ. Алынған ақпарат мәліметтерімен «Мединформ» КМК мамандары айналысатын болады. Ал дәрігерлердің жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы сараптамалық комиссиясы баға бермек.

Барлық есептемелер электронды түрде ұсынылатын болады. Учаскелік дәрігерлер мен акушер-гинекологтарға дербес ноутбуктар берілмек. Биылғы жылдың наурыз айының ортасына дейін барлық емханалар өздерінің дерекқорларын ретке келтірулері тиіс.

- Дәрігерлерге әр тұрғын бойынша кімнің қандай емханаға немесе қандай отбасылық дәрігерлік амбулаторияға бекітілгенін анықтау керек. Бізде бір адамның бір жерге мекен-жайға тіркеліп, өзі басқа мекен-жайда тұратын, ал медициналық көмекті мүлдем басқа емханадан алатын жағдайлар кездеседі, - дейді М.Өтепқалиев. – Учаскелік дәрігер өз пациенттерінің бет-жүздерін білуі тиіс.

Сыйақылар еңбекақыға әжептәуір үстеме болуы тиіс. М.Өтепқалиевтің айтуынша, ерекшеленген емхана өздерінің тоқсандық бюджеттерінің көлемінде сыйақы ала алады екен. Жақсы нәтижелер көрсеткен бүкіл ұжым да, жеке қызметкерлер де ынталандыру сыйлықтарына ие болмақ.  

Денсаулық сақтау жүйесіндегі тағы бір жаңалық. Биылғы жылдан бастап емханалар үй стационары деп аталатын тәжірибені қолға алмақ. Яғни, науқастар қажетті емдерін үйлерінен ала алады. Осы жаңалыққа байланысты бір дәрігерге бір медбике емес, бірден үш медбике бекітілетін болады. Біреуі пациенттерді қабылдауда өз міндетін атқарса, екіншісі күндізгі стационарда емдік процедураларын жүзеге асырмақ, ал үшіншісі пациенттің үйіне баратын болады. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.