Атырау, 24 сәуір 00:52
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт кәсіпорындары саттыққа шығарылды

3 802 просмотра

Image 0
Үкімет жариялаған 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары шеңберінде Атырау облысының
әкімдігі 12 коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорынды саттыққа шығарды.

Негізінен бұлар - 2014-2016 жылдардағы жекешелендіру жоспарына енгізілген кәсіпорындар. Бірақ оларды сату мүмкін болмаған еді. Жартысынан көбі: «“Мұнайшы" спорт кешені» КМК, "Атырау барыстары" спорттық ойын түрлері бойынша облыстық командасы" КМК, "Облыстық "Атырау" волейбол командасы" ЖШС, "Атырау" облыстық су спорты командасы" ЖШС, "«Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубы» КМҚК, "Атырау" спорт кешені" КМК, "Облыстық "Атырау" спорт кешені" КМК, "Облыстық "Атырау" футбол командасы" ЖШС облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында тұр.

Сауда-саттық электронды форматта коммерциялық тендер тәсілімен өтеді. Жоғары баға беруші жеңімпаз болып танылады. Коммерциялық тендер сатып алушы үшін профильді, жұмыс орнын және т.б. міндетті сақтау секілді шарттар енгізуге мүмкіндік береді. Алайда нарықта сұранысқа ие болмағандықтан және бәсекелестіктің жоқтығынан спорт кәсіпорнына әкімдік көп үміт артып отырған жоқ. Мәселен, "Мұнайшы" спорт кешені сауда-саттыққа шығарылған, алайда сатып алушының жоқтығынан сауда-саттық өткізілмеді. Спорт кешенінің баланстық құны - 465 368 000 теңге.

Қалалық қаржы бөлімінің басшысы Шыңғыс АРЫСТАНБЕКОВТІҢ айтуынша, бүкіл кешен емес, тек мүліксіз және құрал-саймандарсыз заңды тұлға сатылады екен. "Бағалау" ЖК (Орал қ.) жүргізген бағалау нәтижелері бойынша, "Мұнайшы" КМҚК нарықтық құны мүліктік кешен ретінде 17 487 000 теңге тұрады. Спорт кешенінің бүкіл мүлігі - футбол алаңы, ғимарат, спорттық құрал-саймандар қалалық спорт бөлімінің балансында қалады. Жекешелендіруден кейін, егер сатып алушы табылса, ғимарат пен спорттық құрал-саймандарды жалға беруге қайта тендер жарияланатын болады. Егер сатып алушы табылмаса, кәсіпорынды тарату туралы мәселе қойылады. Қалай еткенде де, сатудың немесе таратудың орынды екенін жекешелендіру жөніндегі арнайы комиссия шешетін болады.
"Атырау" ФК-ін сату 2018 жылға жоспарланды. "Мұнайшы" спорт кешені секілді ол 86,6 млн теңгеге саттыққа шығарылған. Ал коммерциялық тендерде бір-екі сәтсіз сауда-саттықтан кейін баға түседі. Бағаны түсірмес үшін саттық анағұрлым кеш мерзімге шегерілді. Саттыққа қойылған кәсіпорындар қатарында "Арнаулы автобаза" ЖШС бар (баланстық құны 901 630 000 теңге).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 қаңтар 2016, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.