Атырау, 20 сәуір 09:26
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Полиция лаңкестіктен қорғалуын тексереді

1 712 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алындыАтырау облыстық ІІД террористік тұрғыда осал (ТТО) нысандардың құжаттамаларын дайындамаған барлық меншік түріндегі ұйым басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Мұндай ТТО нысандары: 1. Адамдар жаппай шоғырланатын нысандар; 2. Аса маңызды мемлекеттік нысандар, стратегиялық нысандар, қауіпті өндірістік нысандар. Өткен жылғы 21 тамызда облыс әкімінің қаулысымен осындай 503 нысанның тізімі бекітілді.

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ішкі істер органдарына ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру және жай-күйін бақылау қызметтері жүктелген.

Ал осы заңның 10-3-бабына сәйкес, нысан басшыларына нысанның тиісті төлқұжатын жасақтау міндеті жүктелген.

ІІД таратқан баспасөз хабарламасында 1 ақпанда 1-санаттағы, ал 1 маусымнан бастап 2-ші санатты нысанды тексеру басталатындығы хабарланған.

ҚР ӘҚтК-ке сәйкес, «антитеррорлық» төлқұжаттың болмауы айыппұл түріндегі жауапкершілікке әкеледі. ТТО нысанының төлқұжатын жасақтау жөніндегі ұсыныстар мен басқа ақпараттарды ІІД-нің экстремизммен күрес басқармасынан 98-22-42, 98-20-74 телефондары арқылы алуға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.