Атырау, 19 сәуір 13:41
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Бақтықожа Ізмұхамбетов - мәжіліс депутаттығына үміткер

4 202 просмотра

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ағымдағы жылдың 20 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауға «Нұр Отан» партиясы атынан қатысатын депутаттыққа үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы партия съезіндегі біздің дереккөздеріміз хабарлады.

Партия тізімінде - барлығы 127 адам, олардың арасында елге танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер және тіпті журналистер бар. Олардың ішінде облыстың алты әкімі мен екі министр де бар. Тізімге Маңғыстау облысының әкімі Алик АЙДАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, актер Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ, Алматы облысының әкімі Амандық БАТТАЛОВ, тележүргізуші Майя ВЕРОНСКАЯ, боксшы Геннадий ГОЛОВКИН, әнші Жанар ДҰҒАЛОВА, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан ЕСІМОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-спикері Қабиболла ЖАҚЫПОВ, екі мәрте олимпиада чемпионы Илья ИЛЬИН, Ақмола облысының әкімі Сергей КУЛАГИН, «Нұр Отан» партиясы Жастар қанатының төрағасы Шахмардан БАЙМАНОВ, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман МҰСАХОДЖАЕВА, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан НИҒМАТУЛИН, әнші Қайрат НҰРТАС, тележүргізуші Артур ПЛАТОНОВ, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт РАУ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, олимпиада чемпионы Серік САПИЕВ, ҚР қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ, Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

Меншікті ақпарат

29 қаңтар 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.