Атырау, 24 сәуір 21:08
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Майор Құбайдуллиннің өлімі туралы іс: кінәлілер жоқ

3 217 просмотра

Бұрынғы экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлеріне қатысты Исатай аудандық ІІБ бастығының өлі күйінде табылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс «қылмыс құрамының жоқтығына байланысты» тоқтатылды. Бұл туралы облыс прокуратурасының басқарма бастығы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВ хабарлады.

Осы атышулы оқиға туралы естеріңізге салайық. 2014 жылғы 21 сәуірде Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИНДІ Атырауда қаржы полициясы 250 мың теңге және 3 келі қара уылдырық түрінде пара алды деген күдікпен ұстаған еді. Сол күні оны денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға салады. Келесі күні ол белгісіз жағдайлармен ауруханадан кетіп қалып, 27 сәуірде Гурьев көшесі бойындағы құрылыста асылып тұрған жерінен табылды («АІІБ бастығының өлі денесі табылды»). ІІД ҚР ҚК-нің 102-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») және 346-бабы («Заңсыз қамауға алу») баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, кейіннен ол 308-бапқа («Билік пен лауазымдық құзіретін асыра пайдалану») ауыстырды.

2014 жылғы 21 қазанда №2 қалалық сот ҚК-нің осы бабы бойынша қылмыстық істі қарауды бастады. Айыпкер орындығына аға тергеуші Айбат САРИН мен 1-бөлімнің бастығы Бауыржан ЕРТАЕВ отырды («Исатай АІІБ-нің бұрынғы бастығының өлімі туралы іс бойынша сот басталды» мақаласын қараңыз). 21 қарашада №2 қалалық соттың судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙ істі кері тергеуге қайтарды: осылайша екі тарап – зардап шегушінің отбасы мен айыпталушылар адвокаттарының өтініштері қанағаттандырылды. Құбайдуллиннің туыстары Бас прокуратураға осы қылмыстық істі тергеуші құқық қорғау органын өзгерту туралы өтініш жазды. Бас прокуратура өтінішті қанағаттандырып, тергеуді Қостанай облысының арнайы прокурорлар басқармасына тапсырды. Міне, бір жылдан кейін Қостанай облысының арнайы прокуроры Майоров атыраулық қаржы полициясы қызметкерлері әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деп шешім шығарды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қаңтар 2016, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.