Атырау, 18 сәуір 08:50
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Су аз жүреді

2 280 просмотра

– Мен Привокзальный, 3 ықшамаудан, 53А-үйде тұрамын. Түн болғанда суық суды ажыратып тастайтынын байқап жүрмін. Бұған не себеп екенін білгім келеді.

Серік Елеуов

Сұраққа «Атырау Су Арнасы» КМК-нің жұртшы-лықпен байланыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВ жауап берді:

– Привокзальныйдағы көппәтерлі үйлерге су тазартқыш құрылғылардың сорғы станциясынан Д-300 мм су құбыры арқылы беріледі. Қысқы уақытта 3а ықшамауданы 53А-үйге кіретін тұрбадағы қысым 2 кг/см2 құрайды. Бұл қысым бес қабатты үйді сумен қамту үшін жеткілікті. «Атырау Су Арнасы» КМК мамандары үйге тексеру жүргізді. Үй тұрғындарына жүргізілген сауал ешкімнің судың жоқтығына шағымданбайтынын көрсетті. Түнгі уақытта, жеке су құбыры желілерінің жарылуын болдырмас үшін «Атырау Су Арнасы» КМК қысымды 1,6 кг/см2 дейін төмендетеді. Өйткені, судың таратылуы төмен. Көктемгі маусым басталған кезде қысым 2,4 кг/см2-ге дейін көбейтіледі. Тұрғындар тікқұбырға және су құбырының пәтерішілік тарату желілеріне тексеру жүргізуі қажет.

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.