Атырау, 29 наурыз 07:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Директор ақша ұрламағандығына сендіреді

3 368 просмотра

Image 0Баспананы терможаңғырту мемлекеттік бағдарламасының оператор компаниясы «Атырау қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің директоры Асылбек МҮЛІКОВ екі миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталды.

Қалалық әкімдіктің енгшілесі Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйлерді жылумен қамту және ПИК қызметтеріне бақылау жасайды. Бұл мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көппәтерлі 70 шақты үй.

Өткен жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің коммуналдық ЖШС-нің қаржылық қызметіне жүргізген тексеру нәтижелері бойынша үш миллион теңге сомада бюджет қаржысын ұрлау фактісі анықталды.

Үкімде айтылғандай, 2014 жылдың маусымында Мүліков чектік кітапша бойынша «АзияКредитбанк» АҚ Атырау филиалының есеп-айырысу шотынан 2 млн теңгені қолма қол ақшаға айналдырып, кейін «иемденіп алған».

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Процесс барысында сотталушы тағылған айыпты мойындамай, бұл қаржыны банк шотынан ЖШС қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін алғанын, оны бас есепшінің міндетін атқарушыға бергенін айтты. Сотта куәгер ретінде сөз алған есепші ақша алғанын мойындамады.

№2 қалалық сот А.Мүліковті кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, сотталушының жаза өтемей түзелуге мүмкіндігі бар деген қорытындыға келіп, тағайындалған жазаны бір жыл сынақ мерзімімен шартты жаза деп есептеуге қаулы қабылдады.

Үкім шығарғылған кезде сотталушы өзіне жүктелген зиян сомасын толықтай өтеді.

Зульфия БАЙНЕККЕВА

27 қаңтар 2016, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.