Атырау, 29 наурыз 13:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұрланған мұнайды бұрынғы химзауытта сақтаған

2 844 просмотра

Image 0Атырауда ұзақ уақыт бойы мұнайды заңсыз сатып алу, тасымалдау және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) анықталды.

Қылмыстық топты Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес Басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында анықтады.

- Аталған қылмыстық топ өз қызметтерін жүзеге асырған бұрынғы химзауыттың аумағында тінту жүргізу барысында шикі мұнай тиеген және «тұрмыстық композитті отын» деген жалған ілеспе құжаттары бар Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы коммерциялық ұйымға тиесілі «МАЗ» маркалы автокөлігі ұсталды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Сонымен қатар, мұнайға толы әртүрлі көлемдегі 15-тен астам ыдыс табылған өндіріс цехы анықталды.

Бүгінде ҚР екі азаматы ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойған. Олардың біреуіне қатысты ҚР ҚК 262-бабы 1-тармағы бойынша («Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету»), ал, екіншісіне қатысты ҚР ҚК 262-бабы 2-тармағы («Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның барысында мұнайдың қайдан шыққаны және оны ары қарай өткізудің әдістері анықталатын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қаңтар 2016, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.