Атырау, 24 сәуір 11:13
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Кезекпен беріледі

2 092 просмотра

– Әкем қалалық мүгедектер қоғамының мүшесі. Алайда неше жылдан бері қоғамнан ешқандай көмек алмайды. Бірақ ірі компаниялар мерекелерге орай ақшалай және азық-түлікпен көмектесіп, мүгедектерге үнемі қолдау көрсетіп отырады деп естідім. Әкем жарналарды тұрақты төлеп тұрады. Мүгедектерге қандай принцип бойынша көмек көрсетіледі?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық мүгедектер қоғамының басшысы Манат ҚАБДРАХМАНОВ жауап берді:

– Мүгедектер қоғамдастығы – өз қаржылары жоқ қоғамдық ұйымдар. Қоғамдағы мұқтаж жандарға тек демеуқаржы есебінен ғана көмектесе алады. Ал, соңғы кездері облыстық және қалалық қоғамдарда мүгедектерді материалдық немесе азық-түлікпен қолдау мүмкіндігі болмай отыр. Көмектесу өтінішімен біз хат жолдаған кәсіпорындардың көпшілігі дағдарысқа және қаржының жоқтығына сілтеп, көмектесуден бас тартты. Қалалық мүгедектер қоғамында да осындай жағдай. Біздің қатарымызда 1 920 адам бар, оған 45 баланы, сонымен қатар бала кезден мүгедектерді қосыңыз. Біз бәріне бірдей емес, демеуқаржының түсуіне қарай, тізім бойынша көмек көрсетеміз. Мөлшері демеушілердің қанша қаржы бөлгендігіне байланысты болады. Яғни, бір мерекеге 20 адам 5 мыңнан ала алады. Басқа атаулы күнге басқалар 3 мыңнан алуы мүмкін және т.б. Соңғы рет біз демеушілердің көмегімен 1 маусымға балаларға 3 мыңнан тарту еттік. Ал жаңа жылда ересек 20 мүгедек 5 мың теңгеден алды.

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.