Атырау, 25 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Міне, жаңа бұрылыс

2 314 просмотра

– Геолог поселкесі бағытындағы жолдарды кеңейткеннен кейін Атырау – Доссор тас жолындағы бөлу сызығын не себепті тұтас сызған? Осылайша, тас жолдан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу мүмкін болмай қалды. Бұл ықшамаудан тұрғындарына көп қолайсыздық туғызады. Тас жолдың бойымен әрірек жүріп, Контейнерный көшесімен қиылыстан бұрылыс жасау керек. Ал бұл жерде Геолог пен Қарабатан жақтан машиналар көп жүреді.

Болат С.

Сұраққа облыстық ІІД әкімші-лік полиция басқармасы (ӘПБ) бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– 1.3 «Тұтас қос сызық» жол белгісі аталмыш учаскеде Атырау-Доссор көлік жолының өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін салынған. Өйткені, Мұнайшы ықшамауданы бағытына бұрылатын жүргізушілер артқы жағында келе жатқан көлікке кедергі келтіретін. Осыған байланысты бұрылатын орынды келесі тораптан – аталмыш тас жолдың Контейнерный көшесімен қиылысынан орнату ұйғарылды. Сондай-ақ, ІІД ӘПБ Атырау қаласының әкімдігіне жолдың осы бөлігіне бағдаршам нысанын орнату туралы ұсыныс енгізілгенін хабарлады.

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.