Атырау, 29 наурыз 05:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырауда «Таңсәрі» театрының филиалы ашылды

3 314 просмотра

Image 0Атырау алматылық атақты «»Таңсәрі» балалар мьюзик-шоуы театрының филиалы ашылған еліміздегі екінші қалаға айналды.

Театр басшылары «Таңсәрі» театрын көп ұлтты аса ерекше балалар ұжымы ретінде таныстырды. Театр шәкірттері әлденеше рет Гран-при иегерлері және «Х-ФАКТОР», «Фабрика Звезд», «Голос», «Детская Новая Волна», т.б. көптеген байқаулардың лауреаттары, қатысушылары мен финалистері болды.

Бүгінде театр шетелдерге жақсы танымал. Дүние жүзіндегі 9 елдің ірі продюсерлік орталықтарымен бірлесіп жұмыс істейді. Соның ішінде «Игорь Крутойдың танымал музыкалық академиясы», американдық «Голливудқа төлқұжат» жобасы, украиналық «Парадиз» продюсерлік орталығы бар. Бірнеше жыл бұрын театр филиалы Астанада ашылды. Енді біздің қаламыздың кезегі келді. Атырауда театр өз жұмысын С.Қазыбаев атындағы балалар үйімен бірлескен меморандумға қол қоюдан бастады. Осы құжатқа сәйкес, балалар үйінің төрт тәрбиеленушісі қайырымдылық негізінде театрдан тәлім алып, өңірлік, республикалық және халықаралық ауқымдағы шығармашылық байқауларға қатысатын болады. Бұдан басқа, «Таңсәрі» алматылық облыстық балалар үйімен үнемі бірлесе жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.