Атырау, 29 наурыз 15:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бас бухгалтерлер кәсіби маман болуы керек

3 982 просмотра

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қоғамдық мүддедегі мекемелердің бас бухгалтерінің лауазымын тек кәсіби мамандар ғана иелене алады.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңға сәйкес, 2012 жылдан бастап, мемлекеттің үлесі бар мекемелерде бас бухгалтердің орнына тек арнайы дайындықтан өткен және сәйкес сертификаты бар бухгалтерлер ғана тағайындалатын болады. Қазақстанда «Зерде» Оқу орталығы» ЖШС мен Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясының ғана сертификациядан өткізуге құқығы бар. Оқыту мен емтихандар алу Астана мен Алматы қалаларында өтеді. «Зерде» оқу орталығының мамандары оқитын топтарды жинау үшін аймақтарға, соның ішінде Атырауға шығып тұрады. Биылғы жылы Атырау облысында бухгалтер сертификатын тек жеті адам ғана алған. Сертификаттаудан өту құны 226 мың теңгені құрайды. Бухгалтерлер «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу», «Азаматтық құқық» деп аталатын үш пәнді оқиды. Бағалары бәрін бірдей қорқытпаған: «Зерде» оқу орталығындағылар келер жылы сертификаттаудан өтуге біздің аймақтан 30 адам тілек білдіргендігін айтады.

Қоғамдық мүддедегі мекеменің бас бухгалтерінің сертификаты болмаса, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 179-бабының негізінде жұмыс берушіге қатысты айыппұлмен жазаланатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.