Атырау, 19 сәуір 16:27
Кешке бұлыңғыр болады+11, түнде +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.87  € 405.44  P 5.32

​Жаңажылдық «АЖ» номинациялары

31 желтоқсан 2015 00:00

Өткенге шамалы ғана көз тастап, бүгін ұйықтар алдында нені тілейтінімді білемін. Ал, біздің елімізде тілейтін нәрсе жетерлік: Жаратқан ием, бізді ауру-сырқаудан, зілзаладан және теңгемен салынған депозиттен сақтай гөр. Өйткені, салық төлеушілердің проблемалары туралы айтпағанда, мемлекетке өз аппаратының «мәселелерін» шешуге біздің салығымыз жетпейді. Алдымызда бұрынғыдан оңайға түспейтін жыл күтіп тұр.

Жыл қолдауы

Image 0

Біздің ұлттық киімімізге арналған мереке күтпеген жерден жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. «Күтпеген» деуге себеп, Ұлттық киім күні – жоғарыдан түскен директива емес, нағыз азаматтық бастама. Идея әлеуметтік желілерде пайда болып, көптеген қазақстандықтардың қолдауына ие болды. 24 сәуірде көпшілігі жұмысқа және сабаққа кәжекей, кимешек және тақияны қуана киіп барды.

Алуа БЕСБАЕВА үш күн бойына қазақ костюмін киіп жүрген. Баласын мектепке апарып, дүкенге барған, күнделікті жұмыстармен жүргенде де, көшеде серуендеп жүргенде де тек әдемі ғана емес, қолайлы екенін таң қалыспен байқаған екен.

Жыл ремейкі

Image 1

Бұл, сөзсіз, Сан-Ремо мен Мадридте итальяндық Тони ТУРИ шырқаған «Балқадиша» әні. «Аджиптің» инженері Атырауда көпшілікке танымал. Ол бұл жерде өз арманына батыл қадам жасап, ән шырқады. Тонидың әншілік таланты бар деу, бәлкім, дау туғызар. Алайда тартымдылық пен өз еркіне бағындыра білуінде сөз жоқ. Бір қызығы, Тони саналы түрде және тегін Еуропада қазақ музыкасын дәріптеумен айналысады. Есесіне, ҚР туризм министрлігі осы іске жүздеген миллион теңге игереді. Бірақ Еуропа бұл еңбекті бағалар ма екен? Мұның орнына ол түсініксіз, бірақ жанды баурайтын, жылы сөзді «Балқадишаның» егде тартқан итальяндықтың орындағанына қошемет білдіреді. Жаһандану десе, жаһандану – ютубтегі роликке шабыттанған Гамбиядағы африкандық Кафута деревнясының тұрғындары өз футбол командаларының атауын «Балқадиша» деп өзгертуді ұйғарыпты.

Жыл қоныстойы

Image 2

«Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігі бір жыл бұрын қоныстойын атап өтті. Оңалту орталығы қаламыздың жұрт-шылығы мен жергілікті атқару-шы органның бірлескен күші-мен баспанаға қол жеткізді. Бұл өте сирек, бірақ өте шабыт-тандыратын серіктестік мысалы: қалалық билік орынжай бөліп, Атырау қаласы тұрғындарының арқасында жөндеу жүргізілді. Бүкіл қажетті заттар, тіпті, соңғы шеге де олар жинаған қаржы есебінен сатып алынды.

– Түрлі ауыр сырқаты бар балалар үшін оңалту орталығын ашу идеясы бір күні тынбастан жаңбыр жауып, жапырақтар түсіп жатқан бұлтты күні туындады. Бұл 2006 жылдың қарашасы еді. Содан бері қадам басқан сайын тұйыққа тіреліп, торығып, көңіліміз қалып, сеніммен, үмітпен, махаббатпен өз мақсатымызға жеттік, - деді ашылу салтанатында ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ. – Табандылықтың, өзара түсі-ністіктің және ғажайып уәжде-менің арқасында отбасылармен бірге қолдары, аяқтары және үй сыртында басқа дүние бар екенін білмейтін осы бала-лардың өмірін жақсы жағына қарай өзгертуге қол жеткіздік.

Жыл адамы

Image 3

Бұл - нағыз адам туралы повестің жаңа нұсқасы. Трансформатор будкасында ток соғып, аяғы мен қолынан айрылған баланың хикаясы көпшілікке қатты әсер еткен еді. Содан бері қарай 16 жыл өтіпті. Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ 25 жаста, ол жүзумен айналысады. Алайда атыраулық «Ник Вуйчич» атанбас бұрын оған күйзелісті, жалғыздықты, апатия мен көптеген нәрселерді бастан өткеруге тура келді. Ол үшінші сыныпта мектебімен қоштасты, бірақ 10-сыныпқа қайтып оралуға күші жетті. Үшінші рет бақ сынап, институтқа оқуға түсіп, мамандыққа қол жеткізді. Кәсіби спортпен айналысты, тіпті, танымал әртіспен сахнада ән шырқап үлгерді...

«Сол бір қайғылы оқиға менің тағдырымды түбегейлі өзгертті. Алдымен неге мен, неге менің басыма түсті, не үшін деген сұрақтар болды... Содан кейін өзімді осы күйімде қабылдай бастадым. Егер сол жағдай болмаса, өмір мүлдем басқаша болар ма еді. Бірақ есейген сайын: оның менің үшін жақсы болары белгісіз ғой деп ойлаймын. Таңертең оянып, жаңа күнді бастау – бұл үлкен бақыт», бұл ақиқатқа Ержан, бәлкім, басынан өткерген сынақтан соң келген шығар. Қария Ницше: «Бізді өлтірмеген нәрсе бізді одан сайын мықты етеді» деп дұрыс айтқан.

Жыл ауыртпалығы

Девальвация, мың құбылған девальвация. Біз жарты жылдан бері дүние жүзіндегі ең әдемі валютаның күн сайын құбылғанын бақылаудамыз. 15 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі бір доллар үшін айырбас бағамының өзгеру дәлізін 170-198 теңгеге дейін өзгерту туралы шешім қабылдады. Мұны мәлімдеген Қайрат Келімбетов «2015 жылдың екінші 6 айында Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттің валюта саясатының бағамын өзгертуді жоспарлап отырмағанына» сендірді. Алайда оның айтқаны болмады: бір айдан соң теңге «жүзіп кетті». 20 тамызда – доллар 188,3 теңге, ал ертеңгісін – 255 болды! Қыркүйекте аурухана бойынша орташа температура 258-284 шамасында, қазанда – 275-279, қарашада – 302-312, желтоқсанда – 321-349… Айта кетелік, Құдайды күлдірем десең, оған өз жоспарың туралы әңгімеле, Ұлттық банк!

Біздің «Теңгенің еркін жүзуі» деген атаудағы созылған драманың көрермендері емес, тікелей кейіпкер екендігіміз қапаландырады. Біздің валютамыз жүзіп жүрген жоқ, біздің болашаққа деген үмітімізбен бірге батуда.

Жыл белсендісі

Image 4

Қоғамдық мүддені қорғаушылардың аз ғана сапына Талғат АЯН қосылып, өткен жылдың шілдесінде белсенді ұстанымдағы азаматтар қатарынан табылып, бір өзі пикетке шықты. Жайық жағалауында ол «Атырау Су Арнасы» АҚ мәлімдеген су тарифінің көтерілуіне қарсылық көрсетті. Су тарифі өзгерген жоқ, бірақ Талғаттың өзі өзгерді. Ол кейін қоғамдық ұйымдар қала тұрғындарының мүдделерін қорғаған түрлі алаңдарда, түрлі акцияларда жұртшылық алдына шығып, өз пікірін білдірді.

Жыл тойы

Image 5

Нұржан ӨРКЕШБАЕВ күрделі патологиямен дүниеге келген. Оның сирек кездесетін сырқаты жас ағзаның ерте қартаюына әкеледі. Біздің газетіміз қария бала туралы алғаш болып жазған еді. Ол жас кезінен көптеген, соның ішінде пластикалық операцияларды бастан өткерді. Сырқаты бала кезден оның ішкі ағзаларына кері әсер етіп, оның терісіне терең әжімдер салуда. Бірақ бұл жігіттің жігері жасыған емес. Басына түскен қиындықтарға қарамастан, ол басқалар сияқты өмір сүруге, білім алуға, танысуға, достасуға, сүюге талпынады. Ол өз тағдырына қарсы тұра білді. Сондықтан бұл жігіттің құлсарылық сұлу қызбен шаңырақ көтеруі жүздеген БАҚ-тардың басты жаңалығына айналды.

Жыл жеңісі

Image 62015 жылы қала тұрғындары өз жағалауларымен серуендеу құқығын қорғап қалды. 18 қыркүйекте Жайық жағалауында өткел ашылды. Айта кетелік, сол күні дуалды бұзып, жауапкердің – қала әкімі аппаратының оны орнату жөніндегі әрекетін заңсыз деп тануды талап еткен «Заман» қоғамдық бірлестігінің талап-арызы бойынша сот отырысы тағайындалды. Қала тұрғындары үшін осынау өзекті мәселе билік алдына әлденеше рет қойылған еді. Биыл жұртшылықтың шыдамы шегіне жеткенге ұқсайды. Әлеуметтік желілердің арқасында, сәуірде «Қолжетімді жағалау» науқанының бастамашыл тобы көпшіліктің қолдауына ие болып, облыс әкіміне дуалды алып тастау өтінішімен 1000-нан астам қала тұрғындарының ғана емес, қала меймандарының, соның ішінде шетелдіктердің де қолын жинау мүмкін болды. Бірақ облыс әкімі Б.ІЗМҰХАМБЕТОВ «қауіпсіздікке» сілтеп, бас тартты. «Қолжетімді жағалау» сотқа жүгінді. Сөйтіп, бірінші сот отырысы өткен күні бөгет болған дуал бұзылды.

Жыл жалғандығы

Image 7

Бұл рөлге біздің заңнамамызды, сонымен қатар жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдарды жазасыз алдаған екі жалған шетелдік маман үміткер болады. Жылдар бойына Нидерландыда тіркелген «БМТ АРГОСС Би Ви» компаниясының Атырау филиалында жұмыс істеген Ұлыбритания азаматтары Крейг Дэвид ГРЕЙ (Craig David Gray) мен Кой Гавин ПОЛ (Coy Gavin Paul) жоғарғы білімдері туралы жалған дипломдар ұсынып, жұмысқа ие болған. «Мамандар» 6000 доллардан жоғары жалақы алыпты. ІІД жалған диплом жасау және пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда жалған мамандар да, олардың жұмыс берушілері де ақыры жауапкершілікке тартылмады.

Жыл тылсымы

Image 9

Табиғат 2015 жылдың тамызында бізбен аяусыз әзілдесіп, Жайықтың суының реңін жасыл түске «бояды». Өзеннің бетін басқан майлы тығыз үлдір қою бояуға қатты ұқсайтын. Ақырзаман шығар десті біреулер. Бағымызға қарай, қателесіпті – зертханалық талдамалар, соның ішінде біздің редакция тапсырыс берген талдама мұның әдеттегі балдыр екенін, дәлірек айтқанда, өзеннің тайыздануы салдарынан қарқынды өскен шылау балдыр екенін көрсетті. Осылайша пессимистер ақиқаттан көп алыстамаған сыңайлы. Егер билік ұлы өзенді жеткілікті сумен қамтуға қатысты мемлекетаралық проблемаларды шешуді қолға алмаса, Жайық өз мінезін көрсетері сөзсіз. Мұны бірінші ескерту деп атайық.

Жыл айғағы

Image 8

Іс жүзінде «АЖ»-ның теңізге шығуы фотосурет пен бейнежазбаға қарамастан әшкере бола алмады. Жалған дипломға қатысты жағдай секілді Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі (балық қорғау) инспекциясы қорғайтын Солтүстік Каспий қорық аймағында бейнежазбаға түсірілген ау-торлар мен жүздеген тыйым салынған аулау құралдары да салмақты тергеу жүргізу үшін жеткілікті негіз бола алмады. Бұл тақырыпты қозғамауды жөн көрді. Тек облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов әрекет етіп, кеңес өткізіп, тіпті, «сағадағы торларды анықтауға» көпшілік алдында сөз берді. Жарияланым шыққан бойда торлардың ғайып болғанын ғана сенімді түрде айта аламын. Маған оны кімнің жинағаны, тіпті, қожайынына қайтармас бұрын біраз уақыт бойына оның кімнің көлікжайында сақталғаны да белгілі. Бұл торлар мен басқалары да ұзақ уақыт жұмыссыз қалмаған деседі...

Жыл сынағы

Image 10

Табиғаттың тағы бір тосын мінезін биылғы жылдың мамырында бастан өткердік. Сағаттап жауған нөсер жауынның салдарынан Атыраудағы ондаған тұрғын үй су астында қалды. Ал, кейбір көшелер мен учаскелерді су басты. Жүздеген адам өз баспаналарын тастап, мектеп спортзалдарында табиғат апатының салдарын күте тұруға мәжбүр болды. Ондаған үйлер бұзылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып қалды. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов баспасөз конференциясында ашығын айтты: «Бірден айтамын – пәтер бермейміз! Әйтпесе, сондай тілек білдірушілер жүгіріп келді. Шаралар алынады, бірақ бірден ескертемін – бюджет есебінен ескі линолеумді паркет-ке ауыстыра алмайсыздар».

Өзімнен қосарым, бізде бюджет қатаң, шаруақор. Көпшілігінде, тіпті, ламинатты линолеумге де ауыстыру мүмкін болмады. Ал сіз паркет дейсіз...

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1954 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Әкімдер есебі: Ноғаевпен өткен бір жыл  2242 рет қаралды

​«Ақ Жайық» номинациялары  1661 рет қаралды

"Халықтың өзі қадағалау керек"  1331 рет қаралды

Әкіммен кездесу  2126 рет қаралды

Басты бет

1 2 3