Атырау, 23 сәуір 14:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Неге біздің балалар доп тебе алмайды?

2 901 просмотра

Image 022 желтоқсанда Атырауға Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ (суретте) келді. Ол бірнеше спорт нысандарында болып, Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония ғимаратында футбол қауымдастығымен кездесті.

«СТАДИОН «АТЫРАУ» ФК ИЕЛІГІНЕ ӨТЕДІ»

Ол жабық манеждер тақырыбын қозғады.

- Өңіріміздің сегіз өңірінде бес ай бойы салқын болады, Атырауда төрт ай. Біз қазір Шыңғыс Мұқанмен бірге манеж салуға бөлінген жер телімін қарадық. 2016 жылы біз УЕФА-ға барып, Атырауда үлкен футбол манежін салу және оны бірлесе қаржыландыру мәселесін талқылайтын боламыз. Қазір Қазақстанда бірде-бір манеж жоқ, ал оларсыз осындай климаты бар елімізде футболды толықтай дамыту мүмкін емес. Исландияны алайық, жарты миллион халқы бар өте салқын ел. Сол жерге көптеген жабық манеждер салынды, ал ел 2003 жылғы ФИФА рейтингіндегі 100-орыннан қазір 27-орынға көтерілді.

Бір құпияны айтайын, қазір біздің Премьер-лигада қақпадан доп шығара алатын ойыншы тапшы. Өйткені, олар жылдар бойы кішкентай спорт залдарда жаттықты, қазір олардың көз алдына қабырғалар елестейді.

...Атырауға келіп риза болдым. «Атырау» ФК-нда база бар. Қазір Қазақстанда жақсы үрдіс пайда болды – стадиондар футбол клубтарының иелігіне берілуде. Алға қарай «Мұнайшы» стадионы «Атырау» ФК-ға беріледі. Бұл туралы біз Ш. Мұқанмен келістік.

ФУТБОЛ БЮДЖЕТТЕРІ ҚЫСҚАРТЫЛАДЫ

Қожағапанов 2016 жылы парламенттің қарауына түсетін «Спортты қаржыландырудың жаңа моделі туралы» заң жобасы-ның дайындалуы туралы айтты.

- Қазақстанда көп жылдан бері спортты дамытуға арналған облыстық бюджет қаржысының 60%-80%-ы футболға шығындалады. Өкінішке орай, бұл ақшалар инфрақұрылымды дамытуға емес, қымбат ойыншылармен негізсіз келісімшарт жасау жолымен қысқа мерзімдік нәтижелерге қол жеткізуге жойылды. «Атырау» ФК-нда бұл жағдай қатаң бақылауға алынады екен. Бұл жерде басқа өңірлерден естіп жүргеніміздей үлкен шығындар жоқ екен. Командаларыңыз салыстырмалы түрде шағын бюджетпен жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Яғни, сіздердің пайдалы әрекет коэффициенттеріңіз жоғары...

21 қарашада біз республикалық футбол форумын өткіздік, онда Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері спортқа жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы құралдарын шектеу бойынша алға қарай жүзеге асатын реформаның жоспарлары туралы айтты. Бокс, күрес, таеквондо, ауыр атлетика сияқты жеке олимпиадалық спорт түрлерін қаржыландыру артады, футбол сияқты командалық спорт түрлеріне ақша бөлу қысқартылады.

Біздің міндетіміз – заң жобасына облыстардың спорттық бюджетінің оннан бір бөлігі футболды дамытуға жұмсалуы керек деген өзгерту енгізу. Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына аударылған бюджет қаржысының бөлінуіне бақылау жасау қоғамдық кеңеске жүктелді.

Ш. Мұқан маған Атыраудан Футбол академиясын ашуды ұсынды, оның айтуынша, мұнда 25 мың бала футболмен шұғылданады екен. Ал біз Батыс өңірінің барлық талантты жас ойыншылары жиналсын деп Академияны Ақтөбеден ашуды жоспарлап қойдық. Дегенмен, мен енді Ш. Мұқанмен келісетін болармын. Атырауда ТШО және НКОК сияқты үлкен мұнай компаниялары жұмыс жасайды. Олар осы жобаны қаржыландыра алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

24 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.