Атырау, 20 сәуір 03:28
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қаққан соң «аурухана іздеуге» аттаныпты

3 995 просмотра

Өткен аптада Доссорда «Дэу-Нексия» көлігінің жүргізушісі 13 жасар қыз баланы қағып кеткен. Оны бірден ауруханаға апарудың орнына, ол оны көлігіне мінгізіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Осынау жағымсыз көрініске доссорлық таксист Салтанат Ищанов куә болыпты. Ол бірден АІІБ-не хабарлаған. Полицейлер «Жол-жөнекей ұстау» жоспарын жариялаған. Алғашқылардың бірі болып Доссор-Құлсары тас жолына (куәгердің айтуынша, «Дэу-Нексия» осы жаққа қарай бағыт алған) жол полициясының қызметкері Тұрлан Мантаев шыққан. Ол қарсы кездескен көлік жүргізушілерінен сұрастырып, кешікпей ереже бұзушыны қуып жетіп, тоқтатқан. Көлік салонында Өзбекстанның бес азаматы отырған, ал олармен бірге жапа шеккен қыз да болған. Қыз баланы ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер оның иығы сынып, миы шайқалған деген тұжырым жасады. Рөлде отырған Өзбекстан азаматы өз әрекетін жақын маңдағы аурухананың қай жерде екенін білмегендіктен, жапа шегуші үшін медициналық көмек көрсететін басқа елді мекенді іздеуге шықтым деп түсіндірген. Алайда, Г.Мұхтарова атап өткендей, көлік оқиға болған жерден 18 км қашықтықта ұсталған.  

Ұсталған көлік жүргізушіге қарсы 296-баптың 1-бөлімі бойынша («Адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірген жол қозғалысы ережесін бұзу») қылмыстық іс қозғалды. Ал Мақат АІІБ қызметкерлері ІІД бастығының атына селқостық танытпай, уақытында болған оқиғаны құқыққорғау органдарына хабарлаған таксист Салтанат Ищановты атап көрсету туралы ұйғарым жолдаған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.