Атырау, 20 сәуір 04:36
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Құтқарушылар қамданып алды

2 295 просмотра

Гидрометорталығының мәліметтері бойынша, облыстағы су тоғандарына желтоқсанның екінші онкүндігінің аяғында – үшінші онкүндікте мұз қатады.

ТЖ жөніндегі облыстық комиссияда Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының (БӨАЖҚЖ) жетекшісі Бахтияр ҚАДЫРХАНОВТЫҢ қысқы маусымда су тоғандарындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу шаралары туралы баяндамасы тыңдалды.

ҚР үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі қаулысына сәйкес, БӨАЖҚЖ-на ТЖД судан құтқару қызметі біріктірілген. Жасақ мамандары қыста балық аулайтын таңдаулы жерлердің барлығын бақылауға алды. 25 қарашадан бастап оқушылар үшін «Мұз құрсанған кезде мұзда жүру ережесін» оқытатын семинарлар өткізіле бастады. Шағын статистика келтірсек: өткен жылы БӨАЖҚЖ құтқарушылары теңізде жоғалған жергілікті тұрғындарды іздеу үшін «Трэкол» және «Нива-Марш» автокөліктерімен іздеу-құтқару жұмыстарына үш рет, сондай-ақ «Казавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен төрт рет шығып келді. Жасақтың бүкіл қызметкерлері дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету курстарынан өтіп, парамедиктер сертификатын алды.

2015 жылы облыстағы су қоймаларында 60 адам зардап шекті, оның алтауы балалар, 29 адам суға батып кетті, оның төртеуі балалар. 31 адам құтқарылды, соның ішінде екі бала бар.

Күрт суытқан жағдайда БӨАЖҚЖ-да 8 мобильді топ даярланған, оның құрамында 36 құтқарушы мен 20 бірлік техника бар. 4 тонна солярка мен 3 тонна бензин қоры бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 желтоқсан 2015, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.