Атырау, 29 наурыз 11:01
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Полицейлер Алматы облысында студент қызды ұрлап әкеткен адамнан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

1 890 просмотра

Image 0

Алматы облысының полицейлері 20 жастағы Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамнан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының 1970 жылғы тумасы, бұған дейін бірнеше рет сотталған Игорь Анатольевич Токаревке студент қызды ұрлады деген күдік келіп отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"И.А.Токаревке қатысты, оның қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы жайында білетіндер немесе оның әрекеттерінен зардап шеккендер болса Алматы облыстық ІІД кезекші бөліміне хабарлауды сұраймыз: 8 (7282) 60-80-07, немесе Іле АІІБ кезекші бөлімі - 8 (72752) 2-04-01, Whats App - 8 707 922 32 33", - деп хабарлады ІІД мамандары.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді.

10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. "Полиция қызметтерін атқарып жатыр. Бұл жолы тапты. Сүйінші. Психолог қажет", - деп жазды іздеу тобындағы еріктілердің бірі Константин Авершин. Ол Tengrinews.kz тілшісіне қыздың Тұрар саяжайынан табылғанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 желтоқсан 2015, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.