Атырау, 29 наурыз 19:28
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қыздың өлімі үшін медиктер айыпталуда

3 502 просмотра

Мақат аудандық ауруханасында 10 жасар қыз баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Қыздың туысқандары уақытында медициналық көмек көрсетілсе, сәбиді құтқарып қалуға болатындығына сенімді.

Үстіміздегі жылдың 10 маусымында қыз баланың температурасы көтеріліп, құса бастаған. Анасы оны соның алдында ғана жеген өрікке уланған деп ұйғарып, жедел жәрдем шақырған. Фельдшер дәрі егіп, кетіп қалған. Біршама уақыттан кейін баланың жағдайы нашарлаған. Өкінішке орай, сәбиді бірден ауруханаға жатқызбаған, ал стационарға әкелген кезде кеш болған еді. Қыз бала Доссор орталық ауруханасында қайтыс болған.

Анасы Атырау облыстық прокуратурасына, Мақат аудандық прокуратурасына, Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің департаментіне шағымданған. «Тексеру нәтижелері бойынша ҚР ҚК-нің 114-бабы (4-бөлімі) бойынша («Адамның қайтыс болуына әкеп соқтырған медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы») қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде іс сотқа жіберілді, екі сот тыңдауы болып өтті», – дейді Мақат ауданының прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВ.

Бұл туысқандарының пациент өліміне медиктерді айыптап отырған облысымыздағы бірінші жағдай емес. Жергілікті дәрігерлерді жалқау десіп сырттай күңікілдеп тынатын. Бірақ бір жақсысы соңғы кездері сөзден іске көше бастағандаймыз. Оларға жазылған шағымдар да көбейіп барады. Бұл медиктердің жұмыс сапасына әсер етер деген үміт бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.