Атырау, 29 наурыз 05:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Барак Обама мемлекетке үндеуін жариялады". "Баға саясатын реттеуден бас тартқан билік өз біліксіздігін мойындағаны ма?". "Путин сақалын да бояп жiберген жоқ па осы?". "Ақпараттық қауіпсіздік қандай деңгейде?".

3 198 просмотра

AIKYN.KZ. "Ақпараттық қауіпсіздік қандай деңгейде?" - Ақпараттық қауіпсіздік дәл бүгінгі күн­-нің басты тақырыбына айналып тұр. Әсіресе, мұндағы «майдан» әлемде көбейген ыстық нүктелердегі оқиғалардың өзін он орап ала­тындай алапат тасқынмен жайпап келеді. Ақпараттың соғыстың тым асқынғаны сонша, бүгінде халықаралық ауқымдағы жанжал­дарды оңтайлы шешуге емес, керісінше, шие­леніс­тіруге қарай сүйрелеп барады. Керек десеңіз оған тікелей қатысы жоқ қазақстандық қоғамнан да оның ызғары мен ыстығы сезі­леді. Әрине, мұның барлығы ақпараттық шабуыл­дау­лардан біздің елдің де тыс қалып жатпағанын көрсетеді. Демек, одан қорғану жолдарын қарастыр­ма­сақ, қиын жағ­дайға ұшырарымыз анық па?

24.KZ. "Барак Обама мемлекетке үндеуін жариялады" - АҚШ президенті Барак Обама Америка халқына лаңкестікпен күрес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған үндеуін жариялады.

NUR.KZ. "Қазақстандық спортшылардың демеушілері кімдер?" - Үлкен спортта жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды қамқорлығына алып, сый-сыяпат көрсетіп жүрген азаматтар елімізде баршылық. Әсіресе, ірі додаларда топ жарған спортшыларға лауазымды тұлғалар мен қалталы адамдардың демеушілік танытатынын жиі байқауға болады.

"Елдегі дағдарыс салдарынан қарттар мерзімі өткен азық-түлікпен тамақтануда" - Алматының барлық дерлік базарларында мерзімі өткен азық-түлікті сататын “дағдарысқа қарсы" нүктелер ашылған. Консервілер, макарондар, ірімшіктер, тәттілер, тіпті мерзімі өткен шұжықтар да бар.

QAMSHY.KZ. "Баға саясатын реттеуден бас тартқан билік өз біліксіздігін мойындағаны ма?" - Ұлттық валюта бағамына ие бола алмаған Ұлттық банк төл баласының тағдырына бей-жай қарап, валюта нарығы атты шексіз теңізге «еркін жүзуге» жібергеніне көп бола қойған жоқ. Аз ғана уақыт ішінде АҚШ долларының бағамы бұрынғысынан екі есеге дейін шарықтап шыға келді. Соның салдарынан шетелден тасымалданатын тауар түрлері қымбаттап, ел іші әбігерге түсуде. Валюталық саясаттағы бұл солқылдақ экономиканың басқа салаларына да салқынын тигізді. Ең алдымен ел ішіндегі шағын кәсіпкерлер мен қарапайым халыққа бұл жағдай ауыр соқты.

"Қазынаның қыруар қаржысы қарға сіңді" - Өткен аптада «Қамшы» порталында «Жақсыбеков президент саясатына қарсы ма?» деген тақырыпта мақала жарияланды. Аталған мақалада Астана қаласында Мұз қалашығын салып жатқан әкімнің әрекетін әшкерелеген болатынбыз. Міне, сол Мұз қалашығы бүгінде күннің күрт жылынуы салдарынан еріп жатыр. Бұл деген сөз, миллиондаған қаржының сол мұзбен бірге еріп кеткенін көрсетеді.

ZHASALASH.KZ. "Жыртық дамбалды ақсүйек кейпiндегi күшейген елiмiз бар" - Желтоқсанның 3-де Қазақстанда тұңғыш рет жер асты қазба байлықтарын пайдалану құқығы аукцион арқылы сатылады. Елiмiз үшiн маңызы зор шара туралы ақпаратты Инвестициялар және даму министрлiгi небәрi 20 жолға сиғызып жiберiптi. Ал шындығына келсек, бұл ерiншек молданың қысқа қайыратын “құлһуалласы" немесе жылда осы ғой дейтiн президенттiң жауыр жолдауы емес, ертеңгi ұрпақтан алатын қарыздың әңгiмесi.

"Путин сақалын да бояп жiберген жоқ па осы?" - “Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты". Ресей президентi В.Путин­нiң ТүркСОЙ-мен қатынасты үзiлдi-кесiлдi тоқтату туралы жарлығы ерiксiз “Ресей президентi сақалын да бояп жiберген жоқ па екен осы?" деген ойға алып келедi.

"Әлемнiң бесiншi валютасы" - Халықаралық валюта қоры Қытайдың ұлттық валютасы – юаньдi негiзгi халықаралық валюталардың қоржынына қосты. Долларды бiраз уақыттан берi өкшелеп келе жатқан юаньнiң резервтi валютаға айналғаны анау айтқандай жаңалық емес. Өйткенi Халықаралық валюта қоры соңғы бес-алты жылдан берi юань еркiн айырбасталмайтын валюта емес деген себеппен оны қоржынға қосудан бас тартып келгенiмен, аспанасты елiнiң ақшасына деген сұраныс жылдан-жылға артып келедi.

SERKE.ORG. "«Тәуелсіз саясаткер» Қосановтың көздегені не?" - Өзін «тәуелсіз саясаткер» атайтын Әміржан Қосанов Қазақстан демократиялық күштерінің кезектен тыс республикалық формумын өткізу жөнінде бастама көтерді. Оның ойынша, алдағы парламент сайлауы қарсаңында тарыша шашырап кеткен оппозиция өкілдерінің басын қосып, саяси науқан кезіндегі қолданылуға тиісті тактикалық әдістерді анықтап алу қажет. Сайлауда жеңіске жету – басты мақсат емес. Сайлау процесін қадағалау, саяси науқан әділ жүргізілмесе, дауыс беру қорытындысын терістеп, наразылық таныту керек. «Бұл да саяси күрестің формасы», - деді ол «Трибуна» газетіне берген сұхбатында.

"Дағдарысқа ұшыраған журналист" - «Хабар» арнасының (құрамына 24.kz арнасы да кіреді) Лондондағы тілшісі Бэла Құдайбергенова жұмыстан кетті. Жай кетпеді, «Хабардың» «есігін қайта ашпастай» болып, «тарс» еткізіп жапты. Айтуынша, «Хабар» арнасы өтірік хабар тараты екен. «Менде ұят бар екенін түсіндім. Мен бұдан әрі (халықты – ред.) алдай алмаймын» деп жазды ол әлеуметтік желіде. Өзінің осы шешімі оны «үлкен бақытқа кенелтіпті». Оның қандай бақытқа кенеліп жатқаны жөнінде айту қиын. Дегенмен, осы оқиғаның себебіне үңіліп, журналистиканың бар болғаны әлдебір саясаттың қызметшісі екені, егер қызметшіге қожайыны ақша төлемей қойса немесе тым аз төлесе шантаж жасайтыны, ал оған көнбесе, қасқырша қарсы шабатын қауіпті мамандық иесі екені жөніндегі тұжырымның дұрыстығына тағы да куә болдық. Бұл тұжырымның дұрыстығына тағы бір рет көз жеткізу үшін, Бэла Құдайбергенованың «ұятының» қашан және не себепке байланысты оянғанын анықтасақ, сол жеткілікті.

AZATTYQ.ORG. "Түркімен түрмесіндегі аштықпен азаптау жайын айтты" - Түркіменстанда президент Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов қолында билігі бар тұлға еді. Ол бір-ақ күнде елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.

"Жаңаөзен ісіндегі азаптау шағымдары елеусіз қалды" - Жаңаөзен ісі бойынша өткен сот процесінде бірнеше адам «тергеу изоляторындағы азаптау» туралы айтқанымен прокурорлар «дәлел таба алмай» қылмыстық іс қозғалмаған. Халықаралық «Ашық диалог» қоры 2011 жылғы қанды қырғынға байланысты «Магнитский тізімі» тәрізді «Жаңөзен тізімінің» де жасалып жатқанын айтты.

"Жоғалып табылған сыйлық дауы" - Жаркентте жергілікті әуесқойлар театрына «халық театры» атағымен қоса берілген ақшалай сыйлықтың жоғалып кетуіне қатысты жайттар тексеріліп жатыр. Ақшаны бір айға жеткізбей қайтарып бергенімен, актерлер кінәлілерді жауапқа тартқысы келеді.

"«Ислам мемлекеті» тобы түскен эсерлер ізі" - Өлімге бас тіккен террористердің бір ғасыр бұрынғы және қазіргі психологиясы.

"Түркия-Ресей жанжалының кесірі Қазақстанға да тие бастады" - Түркиядан жүк әкеле жатқан қазақстандық көліктер Ресей шекарасында қамалып тұр. Кәсіпкерлер Анкара мен Мәскеудің дауынан туған бұл оқиғадан бизнестері шығын шегіп жатқанын айтады.

NAMYS.KZ. "Балаңызды кітаппен қалай достастыра аласыз?" - Қазіргі ақпараттық технологияның қарқынды дамып отырған заманда біздің балдырғандар кітап оқудың орнына күндіз-түні компьютерге телміріп өсіп жатыр. Жаңа нәрсені үйренудің басқа түрлері көбейіп, балалардың кітап оқуға деген қажеттілігі жойылып барады. Алайда жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, қабілетін, жалпы ой-өрісін дамытуда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап.

7 желтоқсан 2015, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.