Атырау, 20 сәуір 09:12
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қыстық азық қоймада

3 098 просмотра

Облыстық әкімдік экономистерінде «азық-түлік интервенциясы» деген термин бар.  Яғни, маусымға әзірленген немесе облысқа бағасы жағынан анағұрлым қолайлы аймақтардан әкелінген азық-түліктер нарыққа шығарылады. Бізде көбінесе картоп пен ет «интервенттерге» айналады. Алайда осынау ауқымды «ұрыс» операциясын бастау туралы бұйрық беріп қою аз, оған алдын ала дайындалған да маңызды.

Атырау қаласындағы Ардагер ықшам ауданында былтырдан бері ірі көкөніс сақтау орны жұмыс жасап жатыр. Ол әрбіреуі 3 мың тонна картоп, 500 тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 300 тонна қызылша және 1 мың тонна орамжапырақ сақтауға есептелген екі қоймадан тұрады. Қоймалар голландық техникамен жарақталған. Биылғы жылдан бастап сақтау қоймасы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) балансына берілген.

«Атырау» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат САРМАҒАМБЕТОВТІҢ айтуынша, көкөніс қоймасында жыл сайын қыста және көктемде орын алатын баға шарықтауы кезінде облыс базарларына төменгі баға бойынша жеткізілетін көкөністер сақталады. Көкөніс қоймасын «Атырау» ауылшаруашылық компаниясы» ЖШС («Атырау» АК) пайдаланады. Қоймалардағы көкөністер «Атырау» ӘКК мен «Атырау» АК-ның  49 және 51 пайыз үлесін құрайды.

«Атырау» АК» ЖШС бас директоры Василий ЧЖЕННІҢ айтуынша, қоймалардағы арзан азық-түліктерді облыстық және қалалық әкімшіліктегілердің бұйрығынсыз саттыққа шығармайды екен. Қазір қойма іші 70 пайызға толтырылған. Барлық әкелінген өнімдер Қазақстандікі: картоп – Қарағандыдан, пияз, сәбіз – Тараздан. Орамжапырақ пен қызылша әлі әкелінбеген, оларды жергілікті шаруалардан сатып алмақшы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген В. Истомин

17 қараша 2011, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.