Атырау, 29 наурыз 17:43
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жолақысы қымбаттай ма?

2 599 просмотра

Бір ай бұрын «Батыс Транспорт СИМ» ЖШС қоғамдық көлікте жүру жолақысының тарифін көтеруге өтініш берді.

«Батыс Транспорт СИМ» ЖШС директорының орынбасары Құрмет БАЗАРБАЕВТЫҢ айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға тарифті 3 жылда бір рет көтеруге өтініш беру жөнінде  көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілген тасымалдаушылардың құқығы бар екен. Кейін белгілі болғандай, жолақы тарифтерінің тағдыры жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ қолында екен. Бұрынғыдай 45 теңгемен бе, әлде 90 теңгемен жүреміз бе, бұл оның қандай шешім қабылдайтындығына және оны қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВҚА қалай ұсынатындығына байланысты болады.

Қуаныш Ибрагимовтың өзі хабарлағандай, шешім қабылдауға әлі ерте екен. 6 тасымалдаушының бәрі бірдей өтініш бермепті.

Ірі тасымалдаушы  «Батыс Транспорт СИМ» ЖШС, мәселен, орталық маршруттардағы (№№2, 14, 30) жолақыларды 70 теңгеге дейін, ал №№4, 30а маршруттарында 90 теңгеге дейін көтеруді өтінген.

«Қалалық әкімдіктің барлығы үшін бірдей тарифті бекітетіні түсінікті. Жолақы 70 теңгеден төмен болмайды деп үміттенеміз, - дейді Қ.Базарбаев. – Соңғы рет жолақы бағасын 2008 жылдың қарашасында көтерген едік. Содан бері қарай бензин де, коммуналдық қызметтер де қымбаттады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қараша 2011, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.