Атырау, 20 сәуір 13:11
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Жер мәселесі қашан шешіледі?

2 424 просмотра

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар мен бизнесмендер арасындағы ынтымақтастық рейтингін дайындады. Мұндай рейтингті алғаш рет ӨКП өткен жылы жасап еді.

Бұл құжат кәсіпкерлерден жыл ішінде келіп түскен арыздардың барлығына талдау жасау негізінде қалыптасады. Рейтинг үш санатқа бөлінеді. Бірінші тізімде бизнестің дамуына аз болса да кедергі келтіретін мемлекеттік органдар, екіншіде әрекетсіз мемлекеттік органдар, яғни, бизнесмендер де, Палата да өз сұраныстарына жауап ала алмаған органдар; үшінші санатта Палатамен жақсы ынтымақтастықта жұмыс жасайтын бөлімдер көрсетілген.

Өңірлік палатаның басшысы Асылбек ЖӘКИЕВТЫҢ айтуынша, бизнестің дамуына шағын кедергілер жасайтын мемлекеттік органдар тізімінде, өткен жылдағыдай, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен қалалық жер қатынастары бөлімі көш бастаған. Биыл осы салалар үстінен айтылған кәсіпкерлер шағымы 70%-ға артқан. Жүйелі «жер» мәселелеріне өтініштерді ұзақ қарау, жерге орналастыру жобасының қымбаттылығы кіреді. Журналистердің осы мәселені қалай шешуге болады деген сұрағына А. Жәкиев ұзақ жылдар бойы «мәселенің тереңдей түскені соншалық, мұны аз уақыттың ішінде шешу мүмкін емес» деп жауап берді. Бизнестің мүдделерін қорғау үшін ӨКП сарапшылары жер мәселелерін шешу бойынша маңызды комиссиялардың құрамына кірген.

- Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірігіп, жер телімдерінің онлайн базасын жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бизнес өкілдерінің сайттан бос жер телімдерін, сондай-ақ коммуникациялық жүйелердің қалай орналасқанын көруі үшін жасалады, - дейді А. Жәкиев.

Әрекетсіз мемлекеттік органдар тізімінен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті ерекше аталып өтті. Биыл кәсіпкерлерді монополистермен байланысты тарифтер, техникалық талаптар және еркін қуаттылық бойынша деректердің ашықтығы ерекше алаңдатқан еді. Алайда ӨКП-нің бизнесмендердің мәселелерін шешуге көмектесу туралы жауапсыз қалды. Нәтижесінде палатаға туындаған мәселелерді монополист кәсіпорындардың басшылығына тікелей шығып, шешуге тура келді.

Ал «жақсы ынтымықтастықтағы органдар» қатарына мемлекеттік кірістер департаменті қосылды. Сол жерге жазылған шағымдардың барлығы өз уақытында және кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Келіп-кетушілерге ыңғайлы болу үшін биыл ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы кері жасалды. Бұл жерге кезекті басқарудың электронды жүйесі қондырылып, салық төлеушілер терминалы алаңы кеңейтілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қараша 2015, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.