Атырау, 25 сәуір 12:08
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Капиталды жария ету қазақстандықтарды «лондондық босқындарға» айналдырмау үшін керек - Назарбаев

2 545 просмотра

Image 0Фото: kapital.kzАстана. 30 қараша. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Жекешелендіру мен капиталды жария етудің жаңа толқыны қазақстандықтардың үстінен қылмыстық іс қозғамау және оларды Лондонда жасырынып жүрген, босқын миллиардерлерге айналдырмау үшін керек, деп мәлімдеді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мен барлығыңызға (кірістеріңізді жариялауға шақыра отырып - ҚазТАГ) айтамын, сіздердің ақшаларыңыз бізге қажет болғандықтан емес, біз өзіміздің адамдарымыздың үстінен қылмыстық іс қозғағымыз келмейді, оларды қашып-пысып жүрген, Лондонның бір жерінде жасырынған босқындарға айналдырғымыз келмейді. Осы жылдар ішінде бәрі басымыздан өтті. Алғашқы жинақтар, әрине, үнемі адал бола бермейді», - деп мойындады Н.Назарбаев дүйсенбідегі Қазақстан халқына жолдауында.

Ол «мүлікті жариялауға қатыссам ба деп ойлап жүргендерді» осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырды.

«2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап кірістер мен шығындарды жалпы декларациялау күшіне енеді. Содан кейін қайда болса да шоттарды, активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады», - деп еске салды мемлекет басшысы.

Ол түсіндіріп өткендей, жария етілмеген кірістердің қайдан шыққанын анықтау үшін Қазақстанның да, ЭЫДҰ -ның да үздік күштері қолданылатын болады.

«Біз сіздерге бәрін таза су бетіне шығаруға, ақшаларыңызды осында әкелуге, жекешелендіруге қатысуға, қазақстандық активтерді өздеріңіздікі етуге шақырамыз. Осы жылдар ішінде жиналғандарын осында қайтарып, тыныш өмір сүріп, тыныш ұйықтаңыздар», - деді президент.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қараша 2015, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.