Атырау, 25 сәуір 16:44
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандықтарға тегін кәсіби-техникалық білім беріледі

2 013 просмотра

2017 жылдан бастап қазақстандықтарға тегін кәсіби-техникалық білім беріледі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен бүгін қазақстандықтарға 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім» атты жаңа жоба іске қосылатынын жариялағым келеді. Яғни, мемлекет әрбір азаматқа бастапқы мамандықты беруге міндеттеледі. Мектепті тәмамдап, қол қусырып қалған жас азамат келіп, алғашқы мамандықты, жұмыс істейтін мамандықты алуына болады, осыдан бастау керек. Үкіметке осыны жүзеге асыруды тапсырамын», – деп атап өтті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, биылғы Елбасы Жолдауының тақырыбы – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталды.

Дереккөз: bnews.kz

30 қараша 2015, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.