Атырау, 26 сәуір 01:59
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Режиссер Эльдар Рязанов қайтыс болды

1 248 просмотра

Режиссер Эльдар Рязанов 89 жасқа қараған шағында Мәскеуде қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне оның немересі Дмитрий Трояновский хабарлады.

"Ол қайтыс болды", - деді Трояновский.

Тамыз айының соңында Эльдар Рязанов Бакулев атындағы институттан шығарылды. Сол уақытта дәрігерлер оның денсаулығының оңалып келе жатқанын айтқан еді. Рязанов осының алдында да жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскен болатын. 88 жастағы режиссер ауруханада ем-дом қабылдады.

Эльдар Рязанов - кеңес одағының және Ресейдің кинорежиссері, сценарист, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы және продюсер. "Зигзаг удачи", "Старики-разбойники", "Невероятные приключения итальянцев в России", "Ирония судьбы, или С легким паром!", "Служебный роман", "Вокзал для двоих" фильмдерін түсіргеннен кейін атақты бола түсті. Эльдар Рязанов - КСРО-ның халық әртісі.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 қараша 2015, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.