Атырау, 20 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Президент жолдауы халық үмітін ақтай ма?". "Путин мен Ердоғанның татуласуына ұқсастықтары бөгет пе?". "Атом стансасы тәуелділіктен құтқара ма?". "Қазақстан мұнай бағасының баррель құны 20 долларға түскен жағдайға арналған жоспар әзірледі - Президент".

2 236 просмотра

NEWSKAZ.KZ. "Назарбаев: Халықаралық терроризм - басқа біреулердің тәуесіздігіне сыртқы күштердің араласуы" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық терроризм тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуының нәтижесі екеніне сенімді.

TENGRINEWS.KZ. "Қазақстан мұнай бағасының баррель құны 20 долларға түскен жағдайға арналған жоспар әзірледі - Президент" - Қазақстан мұнайдың баррель құны 20 долларға дейінгі түсу жағдайында әрекет ету жоспарын дайындады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Назарбаев қымбат киімдер мен автомобильдерді сатып алатындарды сынады" - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат киімдерді, қымбат автомобильдерді сатып алатындарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NUR.KZ. "Назарбаев қазақстандықтарды «тығып» отырған мүліктерін заңдастыруға шақырды" - Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мүлік пен қаржыны жекешелендіру мен заңдастыру шарттарын пысықтауды тапсырды.

"Мұхамеджан Тазабеков некесі қиылмай жатып жігіттің қойнынан шығатын бойжеткендерді сынады" - Қоғам қайраткері, ақын Мұхамеджан Тазабеков махаббатпен таң атырып, сезім жайлы сөздермен кеш батырып жатқан қазіргі қаракөз қыздардың жауапсыз жағдайы жайлы Facebook парақшасында сөз қозғады.

"Жириновский Ыстамбұлды ядролық соққымен жоқ қыламын деп сес көрсетті" - РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновский Түркияны ядролық қарумен жермен-жексен етуді ұсынды. Саясаткердің сөздерін «Говорит Москва» радиостанциясы жария еткен.

AZATTYQ.ORG. "Президент жолдауы халық үмітін ақтай ма?" - Алматы уақытымен сағат 15:00-де AzattyqLIVE хабарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы талқыланады.

"«Өзбекстан ислам қозғалысы» кімге қызмет етеді?" - «Өзбекстан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы осы айдың басында жаңалықтардан жиі айтылды. Ұйым содырлары Ауғанстанда «Талибаннан» бөлінген топпен бірге соғысып жүр деген ақпарат тарады.

"Ресей мен Түркия жанжалы ортасында қалған сириялық түркімендер" - Батыс баспасөзі Каспий теңізінде жаңа әскери тәртіп орнау мүмкіндігі мен Ресей-Түркия жанжалындағы «сириялық түркімендердің» рөлін талқылайды.

"Путин мен Ердоғанның татуласуына ұқсастықтары бөгет пе?" - Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған авторитарлық ұлтшылдардың айнадағы бейнесі тәрізді. Түркия Ресей ұшағын атып түсірген соң екеуінің татуласуы қиын болатын сияқты.

"«Экстремизм» ұлғайды, ал дінтанушылар тапшы" - Қазақстанда діни экстремизм айыбы бойынша қозғалған қылмыстық істер көбейе бастады. Сот сараптама орталығы діни сараптама жүргізу ісін жеке мамандарға беруді ұсынады.

"Жұмысшылар сыйлығы мен арнайы сайт арқылы құттықтау" - Қазақстанның тұңғыш президенті күні - жуырда пайда болған мереке. Алғаш 2012 жылы желтоқсанның 1-і күні мерекеленген. Биылғы мерекелік шаралардың көлемі бұрынғыдан ауқымдырақ.

ABAI.KZ. "Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ұлы ғұмыр" - «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың ұлты үшін жасаған қызметтері, шығармашылығы бүгінгі қазақ әлеміне жақсы аян. Оның өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Оян, қазақ!»(1909 ж) кітабы ұлт қозғалысы дәуірінің басында тұрғаны да белгілі. Ал, «Бақытсыз Жамал»(1910ж) романы қазақ прозасының бастауы болса, «Есеп құралыда»(1911ж) математикалық оқулықтың ең алғашқысы еді. «Оян, қазақ!» кітабы Уфадан басылып шығып, бүкіл қазақ еліне аты шыққанда Міржақып Дулатов небәрі жиырма төрт жаста еді. Мұның бәрі бүгінгі қазақ тарихында жақсы мәлім деректер.

SERKE.ORG. "Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?" - Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі, деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.

BNEWS.KZ. "Н.Назарбаев: Жұмыс пен сұраныс бар өңірге қорықпай бару керек" - Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға арналған кезекті Жолдауын жариялады. Президент жастарды оқу мен білім алуға, әсіресе, ғылыммен айналысуға шақырды, деп хабарлайды Вnews.kz.

AIKYN.KZ. "Атом стансасы тәуелділіктен құтқара ма?" - Қазақстанның электр қуатының мүм­кіндігі қандай? Өз-өзін қамтамасыз ете ала ма? Электр қуатын өндіру мен тұтыну қандай дең­гейде? Осы сала бойынша біз өзге елге тәуел­ділігіміз бар ма? Артық электр қуатын сырт­қа саудалап отырмыз ба? Еліміздегі электр қуаты жөнінде сөз еткенде, алдымен кө­кейге оралатын сұрақтар осы?

ZHASALASH.KZ. "«Түк көрмеген қазақтар» немесе елiмiзде қанша миллион кедей бар?" - Кеше ғана “Дамыған 30 елдiң қатарына қосыламыз" деп аттандап жүрген қазақ билiгiнiң даусы қазiр құмығып естiледi. Өйткенi жағдай күннен-күнге қиындап барады. Ал қиындық ең алдымен қарапайым жұртшылықтың қабыр­ғасына бататыны белгiлi. Мұны үкiмет бiлмей отырған жоқ. Мәселен, күнi кеше ғана ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың саны 1 миллионға дейiн артуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. Бұл – ресми мәлiмет. Ал шындап зерттеу жүргiзiл­се, жанбағысы тұралаған жұрттың саны бұдан бiрнеше есе асып түсетiнi анық.

QAMSHY.KZ. "Ердоған-Путин: мүдделер қақтығысы мен тұлғалар ұқсастығы" - Ай сайын емес күн сайын құбылып отырған дүниежүзілік саясат күнделігі жақында тағы бір атышулы оқиғамен толықты. Түркия президенті Тайып Режеп Ердоған билігі Сирия жанжалына орай Ресей Федерациясының ұстанымдарына қарсы шығып, бұл кикілжің түркиялық әскерилердің Сириядағы ДАИШ нысандарын бомбалап жүрген Ресейдің Су-24 ұшағын атып құлатуына әкеп соқты. Оқиғаның бұдан әрі қалай өрбіп, немен аяқталатынына әлемдік сарапшылар түрлі баға беруде.

"Жақсыбеков президент саясатына қарсы ма?" - Қыс түссе Астана қаласында мұз қалашығын салу әдетке айналған. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Елорданың төрт бірдей жеріне мұз қалашығын салуда. Әкімнің жұмысы әлеуметтің игілігі үшін жасалып жатса «бәрекелдіден» басқа айтпаймыз ғой. Алайда, бар-жоғы 2-3 айда су болып еріп кететін мұз қалашығын салуға бюджеттің миллиондаған қаржысын жұмсау қаншалықты қажет?

30 қараша 2015, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.