Атырау, 25 сәуір 10:26
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

“Атырау-көліктен” акциясын он жыл бойы даулап жүр

2 629 просмотра

«Атырау Көлік» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Балабай Рахымберлиев өзіне тиесілі артықшылығы бар акцияларын ала алмай отыр. Ал мекеменің  қазіргі басшысы ол туралы мәлімет бермейді.

Бұл мекеме 1994-1997 жылдар аралығында «Атырау көлік» АҚ аталатын.  Кейін жекешелендіру кезінде оған жаңа  басшы келіп, Рахымберлиев әрі жұмыссыз, әрі  өзіне тиесілі  73 пайыз артықшылығы бар акцияларынсыз қалады. Ол өзіне тиесілі акцияларын денсаулығы нашарлап, қаражаттың қажеттілігіне байланысты 2009 жылдан бастап даулаған. Ендігі  акцияның құны да  қалмаған: 1 акция - 100,96 теңге  болып, Рахымберлиевтің  қолына тиетін акция үшін сома  7  370 теңге ғана болып отыр. Әрине, бұл сомаға қай жыртықты  жамауға болады? Мәселе онда емес, принципте, - дейді Рахымберлиевтің өзі.

Өйткені, мекеме акционерлік қоғам болып тұрған тұста оның  капиталы  5 миллионнан астам теңгені құраған, акциялар жиынтығы 52 499 болған деп түсіндіреді мекеменің қазіргі басшысының орынбасары В.Құлмағамбетов. Оның ішінде 5 250 данасы артықшылығы бар акциялар.   

Алайда, 2003 жылдың 15 шілдесінде ҚР Ұлттық Банкінің шешімімен «Атырау көлік» АҚ-ы «Атырау көлік» ЖШС болып құрылып,  миллиондаған акциялар жойылып кеткен.

Өкінішке орай, мекеменің  жаңа басшысы Қайрат Юсупов бұл мәселеге қатысты ой айтуға құлықсыз. Ал орынбасары  В.Құлмағамбетов барлық жағдайды сот материалдарынан білуге кеңес берді. Оның айтуынша, «Рахымберлиевтің акциясы бұл мекемеде жоқ».

Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы да қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, Б.Рахымберлиевтің талабы қанағаттандырылмады.  Акциясын даулаған Рахымберлиев енді ҚР Жоғарғы сотына шағымданбақшы. Ол өз ісінің дұрыстығына сенімді. Себебі,  артықшылығы бар акциялардың «сары түбіртегін» алған көзі тірі куәгерлер бар.

Айнұр САПАРОВА

17 қараша 2011, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.