Атырау, 19 сәуір 09:48
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ресей бағытындағы жаңа жеңілдіктер

1 689 просмотра

Жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Ресей арасына қатынайтын халықаралық пойыздардың жолақысы арзандайды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды: «ҚР мен РФ арасына қатынайтын халықаралық бағытта 2016 жылдың 11 қаңтары мен 23 желтоқсаны аралығында билеттердің сатып алу мерзіміне (сатылымның тереңдігіне) байланысты төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған: СВ және купе вагондарға пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 45 пайыз;

пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз.

Плацкарт вагондарға: пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 35 пайыз; пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 25 пайыз».

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қазіргі уақытта осындай жеңілдіктер жөнінде Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның ұлттық тасымалдаушыларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Биылғы жылдың мамырында осындай жеңілдіктер енгізілген болатын Ресей бағытына жеңілдіктер»).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

28 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.