Атырау, 25 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Реджеп Тайып Ердоған: Біз Ресейден кешірім сұрамаймыз

2 661 просмотра

Image 0Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсіргені үшін Түркияның кешірім сұрамайтынын айтты.

Бұл туралы CNN хабарлады деп жазады NUR.KZ.

«Меніңше, біздің кешірім сұрайтын жөніміз жоқ. Біздің әуе кеңістігімізге рұқсатсыз кіргендер кешірім сұрасын», – деп келтіреді Ердоғанның сөзін CNN.

Сонымен қатар, ол түрік әуе күштерінің өз міндеттерін орындағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 қараша күні түрік әскерилері Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірді.

Түркия тарапы әуе кеңістігінің шекарасын бұзған ресейлік ұшаққа 10 рет ескерту жасағанын айтады. Ал ресейліктер ұшақтың Сирия аспанында болғанын алға тартуда.

Құлаған самолеттің ұшқышы Олег Пешков қаза тапты. Кейін оның Қазақстан тумасы екені анықталған.

Қазан айының басында ресейлік ұшақтар бірнеше рет Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ

27 қараша 2015, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.