Атырау, 20 сәуір 01:46
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«Біраз мөлшерде жарамсыз камералар бар»

1 775 просмотра

Image 0Атырауда 2008 жылдан бастап бейнебақылау камераларын орнатуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Олардың үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 2009-2015 жылдар аралығында 100 млн теңгеден астам сома бөлінді.

Алайда, орнатылған 266 камералардың бәрі бірдей жарамды еместігі анықталды. Олардың нақты саны мен орналасқан жерін Атырау облыстық ІІД атаудан бас тартты.

Алайда бәрін ретімен баяндайық. Осы материалды дайындау үшін бізге екі мәрте сауал жолдауға тура келді. Біріншісін ІІД техникалық қызмет басқармасының бастығы Даниил МАКАТУХИДЫҢ атына жібердік. Біз қаланың анағұрлым маңызды жерлерінде бейнекамералар орналасқанын, жыл сайын оларды пайдалану үшін қанша жұмсалатынын, олардың ішінде қаншасы дұрыс жұмыс жасап тұрғанын санамалауды өтіндік. Бізге былай деп жауап берді: «Бейнебақылау камералары қалалық әкімдік бекіткен мекен-жай бағдарламасына сәйкес орнатылған. Олар адамдар көп шоғырланған жерлерде, көшелерде, қиылыстар мен аулаларда қойылған. Оларды пайдалану Атырау қалалық ІІБ жедел басқару орталығына жүктелген. Сегіз жылдан астам бұрын орнатылған біраз жарамсыз камералар бар».

Осы сұрақ берілген қосымша сауалды біз Атырау облыстық ІІД бастығы Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВТІҢ атына жолдадық. ІІД баспасөз қызметі дайындаған жауап мынадай: «Жедел басқару орталықтары (ЖБО) полицияның кезекші жасақтары жедел басқару, ауыр қылмысқа, жаппай тәртіпсіздіктерге, дүлей апаттарға және басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет ету іс-қимылдарын үйлестіру үшін арналған. Мекен-жай бойынша ақпарат, жарамсыз камералардың саны және олардың орналасқан жерлері таратылуы шектелген қызметтік мәліметтерге жатады («ҚР ІІО жүйесіндегі таратылуы шектелген қызметтік мәліметтерді бекіту туралы» 10.03.2011 жылғы №9 ҚР ІІМ бұйрығы (3-тарау, 104-ші, 128-ші тармақтар)».

Облыстық бюджет қаржысы есебінен 2008-2015 жылғы кезеңде 1 млрд теңгеден астам сомада интеллектуалды бейнебақылау жүйесі кешенінің жабдықтары алынып, орнатылды. Облыстық бюджеттен 2009-2015 жылдар аралығында ІІД жедел басқару орталығының үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін бақылау камералары тіркеген заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдар сомасы 88 млн теңге шамасын құрайды».

Бәлкім, құқыққорғау органдары қауіпсіздік мақсатында камералары бар жерлер мен олардың қай жерлерде жұмыс жасамайтынын жарнамалағылары келмейтін шығар. Айтпақшы, біз оларды жөндеуге не кедергі келтіреді деген сұраққа жауап ала алмадық. Алайда стратегиялық жерлер мен адамдар көп шоғырланатын жерлерде олар жұмыс жасап тұруы тиіс. Мәселен, өткен жылдың желтоқсанында Атырау қаласының әуежай ғимаратында жолаушылардың бірінің жүгі тоналып, оны тергеу қажет болғанда әуежай төңірегіндегі бейнекамералардың жарамсыз екендігі анықталған болатын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

27 қараша 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.