Атырау, 23 сәуір 23:27
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Түркия-Ресей жанжалының Орталық Азияға әсері". "Түркия мен Ресей арасына от тасталды. Қазақстан араағайындыққа жарай ма?". "Татарстан тәуелсіздік ала ала ма?". "Шыңғыс ханның Орталық Азияны жаулау кезіндегі діни саясаты".

3 078 просмотра

NUR.KZ. "Манхэттеннің “энергетикалық королі" қазақ әйелдерін сексуалдық ойыншық ретінде пайдаланғаны үшін айыпталуда" - Манхэттеннің энергетикалық магнаты, 62 жастағы үйленген азамат Адам Виктор қазақ қызметкерлерін өзінің сексуалдық ойыншығы ретінде пайдаланды деп айыпталуда. Бұл туралы New York Post-қа сілтеме жасапNUR.KZ хабарлайды.

"Түрік әскерлері атып түсірген СУ-24 ұшағында қаза болған ұшқыш ШҚО тумасы болып шықты (фото)" - 24 қараша күні Түркияның әскерилері атып түсірген СУ-24 ұшағында қаза болған ұшқыш ШҚО тумасы болып шықты. Қазақстандық Олег Пешков ұзақ уақыт Өскеменде тұрып келген.

"Лавров: Ресей Түркияға соғыс ашпайды" - Мәскеу Су-24-пен болған жайт үшін Анкараның кешірім сұрауын күтіп отыр. Әзірге Ресей мен Түркия арасында жоғары деңгейде талқылаулар болған жоқ, алайда жақын арада Ресей президенті Владимир Путинге Түркиямен алдағы қарым-қатынастары жайында ұсыныстар келіп түседі.

AZATTYQ.ORG. "Ресей ұшағын атудың соңы не болмақ?" - Түркия қорғаныс күштері Сириямен шекарада Ресейдің әскери ұшағын атып құлатты. Бұл оқиғаның халықаралық саясатқа қандай әсері болуы мүмкін?

"Сырым Шалабаевтың ісі" - Құқық қорғаушылар Литваны бұрынғы банкир әрі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты Қазақстанға бермеуге шақырады.

"Түркия-Ресей жанжалының Орталық Азияға әсері" - Сарапшылар «Түркия мен Ресейдің арасы бұдан әрі ушықса, Орталық Азия елдері қолайсыз күйге тап болады» дейді. Олар аймақтағы әлдебір елдің ара ағайындыққа ұмтылуы мүмкін екенін де айтады.

"Тәжікстан Ресейге Сириядағы содырларының тізімін береді" - Тәжікстан ішкі істер министрінің айтуынша, «содырлар ұйымына кірген азаматтардың бірқатары елге оралып, зиянды іс-әрекетін жалғастыруға тырысады».

KAZ.KARAVAN.KZ. "Балалар үйінің тәрбиеленушісі үй мәселесін бүйрегін сатпай-ақ шешті" - Редакцияға 24 жасар Серік қуаныштан төбесі көкке жетіп келді. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының жауабын алып кепті. Ол жерде алматы қаласының тұрғын үй комиссиясы 2015 жылдың 16 қазанынан бастап «Жетім балалар» бағдарламасы бойынша коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж азаматтардың қатарына қоюға шешім қабылдағаны айтылады. Серіктің жалпы кезек нөмірі – 21309, ал жетімдер арасында – 1648.

ABAI.KZ. "Эфирдің 50 пайызы қазақ тілінде болуы керек еді..." - 2016 жылдың қаңтарында «Телерадио тарату туралы» Заңға өзгерістер күшіне енеді. Жаңа заң елімізде таратылатын шетелдік телеарналарда жарнама көрсетуге тыйым салады. Бұл өзгерістер осы уақытқа дейін шетелдік арналарға төленетін жарнама ақысының елде қалуына, отандық телевизияны дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заңға енген өзгерістер елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет ететін болады.

"Ресей мен Түркия жанжалы: әлемдік БАҚ не дейді?" - Әлемдік сарапшылар ресейлік СУ-24 бомбалаушы ұшағы түрік әуе кеңістігіне кіріп кетіп, оны атып түсіргеннен кейінгі басталған мемлекетаралық жанжалдың соңы әлемді жаңа соғысқа итермелеп отырғанын айтады. Рас, Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық қатынастар қай деңгейде екенін айтып жатудың өзі артық. Ал Қазақстан тәуеліздігін ең бірінші болып мойындаған, мойындап қана қоймай, әлемге ақсарбас айтып, сүйінші сұраған Түркия (ол кездегі Президент Тұрғыт Озал) үшін Орталық Азияда Қазақстанның орны бөлек. Тіпті, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «күллі түркі жұртының ақсақалы, көсемі» деп әспеттеп, оған құрмет көрсетуді Ердоған да ерсі көрмейді.

"Біз қай мәдениетке лайықпыз?" - Күнделікті өмірде «қала мәдениеті», «мәдениетті адам» деген сөз тіркестерін жиі қолданамыз. Алайда, қандай мәдениет туралы айтылып жатқанына аса мән бермейтін сияқтымыз. Сәнді киініп, тік жүруді ғана мәдениет санамасақ керек-ті. Жалпы, мәдениет дегеніміздің өзі ауқымы кең, біздің ойлағанымыздан әлдеқайда күрделі ұғым екендігі дау тудырмайды.

INFORM.KZ. "Роналду мен «Реалдың» бас бапкері арасында келіспеушілік бар ма?" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Роналдумен арамызда ешбір түйткіл жоқ. Таяуда Рафаэль Бенитес футболшы Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы туралы осылай деді.

TENGRINEWS.KZ. ""Астана" - "Бенфика" матчының ең үздік ойыншылары аталды" - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турының аясындағы "Астана" - "Бенфика" кездесуінің ең үздік ойыншылары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

NEWSKAZ.KZ. "Дін істері комитеті: 400-ге жуық қазақстандық "ИМ" лаңкестік топтарының қатарында" - "Ислам мемлекеті" лаңкестік топтарына кіретін қазақстандықтардың саны шамамен 400 адамды құрайды, деп хабарлады Қазақстан Респуликасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Көлекеев.

SERKE.ORG. "«Бешбармақтан» қалай құтыламыз?" - Қазақ халқының басты ұлттық тағамы - еттің төл атауы бұрмаланып «бешбармақ» болып дұрыс айтылмай жүргеніне байланысты көп жылдардан бері ел ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарында айтудай-ақ айтылып келеді. Бірақ, одан қорытынды шығарып жатқан адам жоқ.

BNEWS.KZ. "Америкалық бұрғылаушылардың шығындары 2016 жылы көбейе түспек" - Мұнай өндірушілер бір жыл ішінде жүріп жатқан мұнай бағасының арзандау үрдісіне төтеп беруі тиіс. Осы уақыт аралығында барлық мұнай компанияларының басына үлкен қауіп төнгені анық, деп хабарлайды Вести басылымы.

AIKYN.KZ. "Актерлерде ұлттық иммунитет жоқ па?" - Асанәлі Әшімовті көрген қазақтың бір қызы: «Төлеген ағаны неге өлтірді­ңіз, мен сізді жек көрем» деп дүрсе қоя беріпті. Былай қарағанда, күлкілі сияқ­ты. Бірақ біздің қазақ адамды рөлі­не қарай бағалай­тыны рас. Жақсы рөлде ойнаса, жақсы көре­міз, жаман рөлде ойнаса, «сүйкімсіз» болып шыға келеді. Менің осы сықылды жек көретін екі сүйкімсіз актерім бар. Әрине, бұл кісі­лердің актерлік шеберлігіне сөзім жоқ. Екеуі де өз ісінің шебері. Бірақ олар түс­кен киноны, сол кинодағы рөл­­дерін көрсем болды, жыным келеді. Оның бірі – Төлепберген Бай­сақалов. Неге екенін білмеймін, осы актерді көр­ген сайын көз алдыма кеңес актері Саве­лий Крамаров келеді. Бәлкім, соған еліктей ме екен?

"Есепте, қазақ!" - Қараханидтер мемлекетін құрушы Селжұқ Бұғара Қарахан исламды мемлекеттік дін деп жариялаған соң, 910 жылы біздің бабаларымызға «Оқы» деп басталатын қасиетті кітап келді. Кітап – Құран Кәрім.

"Реформаларды іске асыратын мамандар мықты болуға тиіс" - Мика РААТИКАЙНЕН, Финляндия Парламенті депутаты: Финн құқық жүйесі – әлемдегі ең озық үлгілердің бірі. Финляндия «Трасперенси Интернешнл» рейтингі бойынша сыбайласқан жемқорлық ең аз мемлекеттер «үштігіне» кіреді. Қоғам дертімен күресте бұл елдің табысқа жетуінің сыры неде? Бұл туралы VIII Астана экономикалық форумы аясында Финляндия Парла­менті мүшесі, Еуропа Одағының «Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасы және модернизациясы» жоба сарапшысы Мика Раатикай­неннен сұраған едік.

ALASHAINASY.KZ. "Депутаттар теңгелік депозиттің пайызын Ресеймен теңестіруді сұрады" - Депутаттар Ұлттық банк төрағасынан теңгелік депозиттің пайызын Ресеймен теңестіруді сұрады деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені, көршілеріміз рубль құнсызданғанда банктердегі депозиттік ставканы 15-20 пайызға дейін көтерген екен.

ZHASALASH.KZ. "Түркия мен Ресей арасына от тасталды Қазақстан араағайындыққа жарай ма?" - Түркияның Сириямен шекаралас аймағында ресейлiк әскери ұшақты атып түсiруiн В.Путин “ту сырттан жасалған соққы" және “террористерге болысу" деп бағалады. Қауiпсiздiк бойынша шұғыл жиналыс өткiзген түрiк президентi Ережеп Тайып Ердоған “шекараны бұзып кiрген ресей ұшағы бес минут iшiнде 10 мәрте жасалған ескертудi елемегенiн", “Түркия өз шекарасын қорғағанын" мәлiмдедi. АҚШ-та пiкiр айтуға кешiкпедi. “Түркияның ресейлiк F «СУ-24М» жойғыш ұшағын атып түсiргенi Ресейдiң Сирияға араласуында, Асадты (Сирия президентi Башир Асад – ред.) қолдап, қарсыластарын соққылауда сұрақты мәселе бар екенiн тағы да байқатты. Ресей шындығында, түрiк шекарасына қатты жақындап әрекет етiп жүрдi. Оның үстiне “Ислам мемлекетi" экстремистерiн емес, ұстамды оппозиция күштерiн соққылап жатыр, – дедi АҚШ президентi Б.Обама.

"Дариға Кәрiмге мiндет артты" - Биылғы жылы мұнай бағасы құлдырағандықтан, бюджеттiң кiрiс бөлiгi 40 пайызға қысқарғанын президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзi айтқан. Өткен аптада үкiметтiң кеңейтiлген отырысында дағдарыс кезiнде бюджеттiң әрбiр тиынын шақтап, шашауын шығармай жұмсау керек­тiгiн де өзi шегелеген. Бiрақ бюджеттiң кiрiсi ортайғанына қарамастан, шығыс бөлiгiн­дегi ақша игерiмiн таппай тұр.

"«Түк көрмеген қазақтар» немесе елiмiзде қанша миллион кедей бар?" - Кеше ғана “Дамыған 30 елдiң қатарына қосыламыз" деп аттандап жүрген қазақ билiгiнiң даусы қазiр құмығып естiледi. Өйткенi жағдай күннен-күнге қиындап барады. Ал қиындық ең алдымен қарапайым жұртшылықтың қабыр­ғасына бататыны белгiлi. Мұны үкiмет бiлмей отырған жоқ. Мәселен, күнi кеше ғана ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың саны 1 миллионға дейiн артуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. Бұл – ресми мәлiмет. Ал шындап зерттеу жүргiзiл­се, жанбағысы тұралаған жұрттың саны бiрнеше есе асып түсетiнi анық.

TURKYSTAN.KZ. "Соңғы кездері елімізде бойжеткендерді соққыға жығу жиілеп барады" - Заман өзгерді, заманмен қатар адам да өзгерді. Дәл осы сөзді соңғы уақытта жиі еститініміз рас. Бұл сөздің де өз шындығы бар. Тіпті, уақыт өткен сайын қазақтың қазақылығы да жоғалып бара жатқандай. Қызын қадірлеп, төріне шығаратын қазақ жігітінің бүгінгі келбеті мүлдем өзгерді. Қазір «жігіттер қыздарға күш көрсетті», «жігіттер қыздарды соққыға жықты» деген сөздер ешкімді де таң қалдырмайтын болды.

QAMSHY.KZ. "Татарстан тәуелсіздік ала ала ма?" - Татарстан президенттік басқаруды сақтап, егемен ел болғысы келеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы novayagazeta.ru-ке сілтеме жасап хабарлайды. Аталған сайттың жазуынша Қазан қаласында Жалпы татар қоғамдық орталығының ұйымдастыруымен «Татарстан мемлекетінің қалыптасуындағы проблемалар» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өткен.

"Түркия-Ресей кикілжіңі: Мәскеудің ұтылар тұсы көп" - Ресейдің Сириядағы содырларды бомбалап жүрген Су-24 ұшағын 24 қараша күні Түркия әскери әуе күштерінің әскери ұшағы атып құлатты. Құлатылған ұшақттан парашютпен секірген ұшқыштардың біреуі апат орнында мерт болып, енді бірін сириялық әскерилер құтқарып алған. Екі тарап осы оқиғадан кейін бірін-бірі айыптаған мәлімдемелер таратуда. Тіпті, кей сарапшылар мен ақпарат құралдары Түркия билігінің бұған дейінгі Ресейге бағыттаған ескертулеріне сүйеніп, ұшақ құлату оқиғасы үшінші дүние жүзілік соғысқа ұласып кетуі мүмкін дегенге дейін баруда. Бортына екі жүзден астам адам мінген жолаушылар ұшақтары құлап жатқанда болмаған соғыс, шынымен бір әскери ұшақ үшін тұтанып кетуі мүмкін бе?

NAMYS.KZ. "А. Левшин. “Қырғыз-қайсақ" атауы жайында" - Құрметті оқырман, А. Левшиннің қазақтар туралы жазған зерттеу еңбегінің жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл еңбек 1832 жылы жарық көрген. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты кітап қазақтар жөнінде алғашқы монографиялық еңбек. Тарихи құжат болғандықтан еңбекте кездесетін атауларды өзгертпей, солайша қалдыруды ұйғардық.

ULT.KZ. "Шыңғыс ханның Орталық Азияны жаулау кезіндегі діни саясаты" - Орталық Азия мен Дешті-Қыпшақ кеңістігінде ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде тарихи ұлы өзгерістер орын алды. Әуелгіде, Моңғол үстіртінде көшпелі түркі және моңғол тайпаларының басын біріктіріп 1206 жылы «Ұлы қаған» атанған Шыңғысханның жеңімпаз әскері өзінің ата жауы саналған меркіттер мен наймандардың соңынан кек алу мақсатында ауық-ауық Орталық Азия мен Дешті-Қыпшаққа жорықтар жасады. Осы жорықтардың жалғасында Хорезм шаһ мемлекетімен саяси текетіреске түсіп, соңында Орталық Азия мен Қыпшақ даласын біржола иемдену үшін кең ауқымдағы әскери шабуылын ұйымдастырды.

26 қараша 2015, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.