Атырау, 19 сәуір 23:08
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 495 просмотра

Полиция 16 қарашада Азаттық даңғылы бойындағы қонақ үйдің 37 жастағы тұрғынының шалбарының қалтасынан 80 мың теңгені ұрлап алған қызды ұстады. Біраз уақыт өткен соң сол қонақ үйде тағы бір оқиға орын алды. 40 жастағы әйелдің сөмкесінен 15 мың теңге ұрлады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілді.

***

ҚІІБ криминалды полициясы Балауса поселкесіндегі кафенің ауласынан 6 айлық неміс овчаркасын ұрлады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға жыл басынан бері мал қорадан 6 қойы ұрланған кәсіпкерден шағым түсті. Мал ұрлады деген күдікпен Атыраудың 22 жастағы тұрғыны мен Махамбет ауданының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 20 жастағы кәсіпкер әйел шағымданды: 37 жастағы Өзбекстан азаматы оған үш тонна қантты сақтауға қалдырғаны үшін 540 мың теңгеге қарыз болған. Гастарбайтер ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

ҚІІБ криминалдық полициясы жеке үйлердің жанында тұрған көліктерді ұрлады деп күдіктелген Атыраудың 18 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған заттардың арасында – көліктердің құжаттары, магнитолалар, сөмкелер, ірі қолма-қол ақшалар болған. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Махамбет ауданының полициясы Еңбекші ауылының екі шаруа қожалығынан бес мәрте қой ұрлады деп айыпталған 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Барымташы биылғы жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейінгі аралықта 32 қой ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу жүргізілуде.

***

Қарашаның 21-де түнгі сағат 3-те ҚІІБ жедел басқару орталығының кезекшісі монитордан жан-жағына қараған әлдебір ер адамның Азаттық даңғылы бойындағы букмекерлік кеңсенің терезесін сындыруға кіріскенін көрген. Дабылды қабылдаған жақын маңдағы «Батыс-5» патрульдік экипажы оны ұстады. Оның Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды.

25 қараша 2015, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.