Атырау, 19 сәуір 21:17
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

4 681 просмотра

Исатай ауданы

Исатай ауданында жер телімдерін беру осыдан үш жыл бұрын тоқтатылған. Содан бері кезекте тұрғандардың саны 300-ге жақындаған және жылдан-жылға сұраныс артып келеді.

- Бұрын біз инфрақұрылымы жоқ жер телімдерін беретінбіз. Үйлерін тұрғызып болған соң жер телімдерінің иелері газ, жарық, сумен қамту жүйелерінің жоқтығына шағымданып жүрді. Бұл талаптары орынды еді. Біз осыны ескеріп, 2012 жылы инфрақұрылым мәселесі шешілмей жер телімдерін беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Артур ҚУАНЫШКЕРЕЕВ.

Сонымен қатар, жылдар бойы игерусіз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет меншігіне 70-ке жуық жер телімі қайтарылды.

*****

Құрманғазы ауданы

Ганюшкин ауылында 280 орындық балабақша ашылды. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман МУСАНЫҢ айтуынша, аудан бойынша балабақша кезегінде 1 000 бала тұр, оның 800-і Ганюшкиннен екен.

*****

Махамбет ауданы

Махамбет ауданы Алмалы ауылында тіс емханасы ашылды.

Медициналық пункт пен тіс емханасының жоқтығына байланысты тұрғындар қалаға немесе аудан орталығына сабылатын. Ал, жақында 18 жыл тіс емдеумен айналысқан жергілікті кәсіпкер Гүлмира ҚҰРМАНҒАЛИЕВА «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 3,5 млн теңге несие алып, тіс емханасын ашты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.